Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

«Қойшылар алгебрасы» — 4 мың жылдық тарихы бар ойын. Тоғыз-құмалақ ойынының әлемде 100-ден астам түрі бар.

$
0
0

Мен қызмет етіп жүрген компания жақында осы ұлттық ойынына арналған фотосессия ұйымдастырғанда, балалық шақта болған бір сәтті есіме түсірдім. Алғаш рет осы ойынмен танысқанда айтып жеткізе алмайтын сезімде қалдым. Ол уақытта, ауылдың балалары, көшеде асық, ләнгі, нарды, шүлік ойнайтынбіз. Бір күні ауылға қонаққа келген жігіт тоғыз-құмалақ ойынын алып келді.

Көрші үйдің алдында күнде жиналатын болдық. Көшемде айналдырған бес - алты баламыз. Бұл ойын туралы естіп көрші көшелерден де келетіндер күннен күнге көбейді. Ойын құмар, жарысқа ниетті балаларға бір тақта жетпейтін болды. Үйлерімізге барып, қолдан келгенше өзімізге отаулары мен қазандары бар тақталарды жасап алатынбіз. Әйтеуір қысқа уақытта біздің көшеде осы ойын түрінен кәдімгі жарыстар басталып кетті. Алайда ұзыққа созылмады, жазғы демалыс басталып кетті.

Бүгінде, білуімше, бұл спорт түрінен үлкен жарыстар өткізіледі. Тіпті екі жыл бұрын Германияға қоңыс аударған Юрий Нольд деген неміс азаматы осы ойыннан өз елінде жарыс өткізген екен. Оның алдында Астана қаласында өткен додада бұл кісі жақсы нәтиже көрсеткен болатын.

Бүгінде тоғыз-құмалақ ойынын жастар арасында дәріптеу мақсатында түрлі курстар мен үйірмелер ашылуда. Сондай үйірменің бірін мен Астанадағы оқушылар сарайында көрдім. Өткен ғасырда қазақ даласында ең танымал ойынының бірі осы "қойшылар алгебрасы" атанған тоғыз-құмалақ бүгінде жақсы жарнама күтіп тұрған сияқты.

Тура осындай ойын түрі Африка құрлығында да бар. Омвесо деп аталады екен. Алайда Уганда елінде кең тараған бұл ойының ережелері де ойын тақтасы да өзгеше. Айта кететін бір жәйт, угандалықтар бұл ойын түрінен әлемдік біріншіліктерді де ұйымдастырып жүр.

Қара құрлықта омвесо болса, араб елдерінде бұл ойын манкала деп аталады. Бұл ойынның да өз ережелері бар. Отаулар саны 42 екен. Ал бұл ойынның тарихына келер болсақ  араб мәдениетінің ескерткіші саналатын X ғасырда жазылған "Китаб уль Агани" атты кітабында осы ойын туралы жазылған.

Бастапқыда манкала ойыны құмда қазылған 42 отаумен ойналатын. Кейін еуропалықтар араб мәдениетімен танысқанда осы ойын туралы кең мағлұмат қалдырып кеткен. 17 ғасырда португалия королі Мануел I өкілі Алварес арабтар арасында кең тараған осы ойын туралы кеңінен баяндап береді.

Ол кезде манкаланы жүрген жеріңде ойнап кетуге болатын. Жерде отауларды қазып дайындап қойып қолда бар құмалақтарды (тастарды) жинап қойсаң болғаны. Ал қазіргі күнде араб елдері мен қара құрлықта манкала мен омвесо ойынын осындай тақтайшаларда ойнайды.

Тоғыз-құмалақ ойыны әлемнің бірнеше елінде бар. Дұрысы ол ойында біздің ұлттық ойынға ұқсастығы бар. Мысалы жаңа айтып кеткен Африкада осы ойынның 90 түрі кездеседі. Марокко елінде бұл ойынды "сиг" деп атайды.

Алғаш рет ағылшын Р. Перри, 1936 жылы бұл ойын туралы кең тарқатып берген болатын. Ал Гана елінде бұл ойын "варри" деп аталады екен. Оның ерекшелігі әйелдер ойыны ер азаматтардың ойынынан бөлектеу екен. Сол секілді Либерияда бұл "поо" ойыны болса, Сенегал елінде "капо кунго" деп аталады екен. Меніңше ең қызықтысы Зимбабведе. "Исафу" деп аталатын ойында 60 отау болады екен, және осын бір мезетте 10 адам ойнайтын көрінеді.

Ал бізде болса бұл ойын түрі тоғыз-құмалақ деп аталып кеткен. Бүгінде жастар қызығушылығы да бар. Чемпионаттар өз жемісін беріп жатыр. Ұлттық спорт түрлеріне енгізілген бұл ойынға да Самұрық-Қазына Қоры демеушілік жасап келеді. Бастысы жастар қызықса 4 мың жылдан бері тірі ойын әлі де тірі болып қала бермек.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>