Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық модельдер инстаграмын шолып өтейік.
Илья Аникеев @mad_ilyuhan
ANDRES агенттігінің моделі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде "Менеджмент" мамандығын меңгеруде. Инстаграмында модельдік өмірдің көріністерін, Kazakhstan Fashion Week-тегі өзі қатысқан Камила Курбанидің көрсетілімі, Boulevard журналы үшін фотосессиясын, әр түрлі сауық кештері мен дос-жарандарын көруге болады.
Ақбота Нұрмұхан @botashka_nur
2010 жылдан бастап ANDRES агенттігінің моделі, Pronovias, Elie Saab, Alexandra Serova, Buduar көрсетілімдеріне қатысқан. Ақботаның инстаграмындағы басты кейіпкер - өзі. Одан басқа сауық кештерін, көрсетілімдердегі бекстейдж бен сүйікті мысығын кездестіре аласыздар. Жас модель, сонымен бірге, өзінің мейк-апсыз суреттерімен де бөлісуден қорықпайды.
Мадина Серікбаева @madina_ks
Eаt Models агенттігінің моделі, сонымен қатар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында "Архитектура" факультетінің студенті. Salta, Aika Alemi сияқты қазақстандық дизайнерлермен жұмыс жасайды. Сүйікті кинолары арасынан "Дьявол носит Prada", "Великий Гэтсби" және "Иллюзия обмана" туындыларын атайды. Инстаграмы өзінің кәсіби суреттері мен айналадағы сұлулықты көрсетеді.
Салтанат Бекжігітова @bekzhigitova
"Мисс Алматы-2010" болған Салтанатқа байқаудан кейін көптеген ұсыныстар жасалды. Ол Hittv арнасында жүргізуші болуды таңдап, көп жылдар бойы түрлі бағдарламаларды жүргізді. Қазірде Eat Models агенттігінің моделі әрі өзін актерлік қырынан да сынап жатыр. Жақында Салтанатты сериалдардан тамашалай алатын боламыз.
Ержан Мұқатаев @erzhan_muhataev
Алматыда туылған. ANDRES модельдік агенттігінің моделі. Сондай-ақ Ержан әнші әрі биші. "X-фактор" байқауының 2-маусымына қатысқан. Барлық жерде өзінің шығармашылық қабілетін толығымен көрсетуге тырысады. Сүйікті тағамы - манты, сүйікті киім дүкені - Colin's.
Тимур Биссенбаев @regul23
Eat Models моделі. Инстаграмдағы суреттерінен Тимурдың саяхаттауды, сәнді, достарымен көңіл көтеруді ұнататынын білуге болады. Ол тек қана Қазақстанда емес, түрлі шетелдік компаниялармен де жұмыс жүргізеді.
Материалды дайындаған: Айжан Байтанова
Айжан Кәрібаева
Ұқсас материалдар:
Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері