«Екпіннің» бүгінгі «Алматы көшелеріне саяхат» айдарында Қазақ опера өнерінің негізін қалаушыларының бірі, Алматы қаласының тумасы Үмбетбаев Әнуәрбек Бейсембайұлының құрметіне аталған көше.
Үмбетбаев көшесі Бостандық пен Алмалы аудандарында, Гагарин мен Жароков көшелерінің ортасында орналасқан. Бұрын «12-линия» деп аталған бұл көше 30-жылдары Есентай мен Қарасу өзендерінің аралығындағы аумақтың қалаға қосылуына байланысты қалыптасқан. Үмбетбаев көшесі Төле би көшесінен басталып солтүстіктен оңтүстікке қарай Бәсенов көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Жандосов, Бәсенов көшелерін қиып өтеді.
1937 жылы кәсіби музыкалық білім алу үшін Опера және балет театры жанындағы студияға түсіп, оқу курсын тәмамдағаннан соң сол жерде қызмет етуге қалады. Ал 1958-1960 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Үмбетбаев Әнуарбек Ұлы Отан соғысы жылдары майдандық концерт бригадасында болған.
Ол М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында» - Біржан, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» мен «Төлеген Тоқтаровында» - Айдар, Төлеген, Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай», «Ер Тарғын», «Жалбырында» - Думан, Тарғын, Қайрақбай, Ж.Бизенің «Карменінде» - Хозе, Н.Жигановтың «Алтыншашында» - Жек сынды тағы да басқа 40-қа жуық опералық партияларды орындаған.
Ұлттық опера жанрының өсіп-өркендеуіне елеулі үлесін қосқан, опера өнерінің майталманы 1973 жылы 59 жасында дүниеден озады.
Фото: Айжан Кәрібаева
Мәтін: Айнұр Ракишева
_________________________________________________________________________
Бұл айдарда жарияланған материалдардың толық тізімі:
Малбағар Меңдіқұлов көшесі
Ораз Жандосов көшесі
Өмірбек Жолдасбеков көшесі
Абдолла Розыбакиев көшесі
Тайыр Жароков көшесі
Жұмағали Сайын көшесі
Нұрмақов Нығмет көшесі
Ғани Мұратбаев көшесі
Зейін Шашкин көшесі