Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Стрит фитнес Алматыда

$
0
0

Стрит фитнес немесе стрит-воркаут көптеген қалаларда орын алған құбылыс. Көптеген парк, аллея, алаңдарда орналасқан, ашық аспан аясында жаттығуға мүмкіндік беретін құрылғыларда кез келген адам келіп дене шынықтыра алады. Гоголь көшесінің бойындағы (Мұратбаев көшесінің қиылысы) осындай алаңға спорт сүйер жігіт Ерқанат Атабаев келген еді.

Тегін жаттығу құрылғыларында пресс, қол-аяқ бұлшық еттерін шынықтыруға, жалпы ағзаның тонусын күшейтуге болады. Кейбір жаттығу түрлеріне назар аударайық:

Веложаттығу

Әр жастағы, кез келген дайындықтағы адамдарға келе беретін кардиожаттығудың ең танымал түрі. Бұл жаттығуда аяқ бұлшық еттері жұмыс істейді. Сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесін жақсарады. Фитнестің алғашқы жаттығуы ретінде жақсы.

"Шабандоз"

Жалпы дене күшіне бағытталған жаттығу түрі. Аяғын баса отырып, жаттығушы денесін көтереді. Қол бұлшық еттерін де жұмыс істетеді.

"Шаңғышы"


Аяқ, жамбас буыны, бел, қол, білек бұлшық еттерінің комплекстық жұмыс істеуі. Жаттығушы педальға тұрып, шаңғыда сырғанап бара жатқандай болады.

Белді тербету

Бел буынын қатайтуға арналған жаттығу түрі. Сондай-ақ, бұл фитнес жаттығу іш бұлшық еттерін қимылдатады.

Жүрісті келтіретін жаттығу


Бұл жаттығу белден төмен барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіреді. Жаттығу барысында арқаны тік ұстау керек. Бір жаққа ауып кетпей, балансты дұрыс ұстау қажет.

Ерқанат:

- Жалпы өзім 2,5 жылдай кикбоксингпен айналысқанмын. Қазірде белсенді спортпен шұғылданбасам да, күн сайын жаттығулар жасауды, осылай аптасына 2-3 рет фитнеспен айналысқанды құп көремін. Стрит фитнес тек қолжетімді емес, кең кеңістікте жаттығуға мүмкіндік береді. Даладағы дене шынықтырудың пайдасы зор деп білем. "Бой тынықпай, ой тынықпайды" дегендей, ашық ауада бойың да, ойың да тынығып қалады. Осындай жаттығу алаңдары қаламызда көбейе берсе екен деймін.

Спортты сүйіңіздер!

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Фото: Әлия Сембай


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>