Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Жексенбілік дастархан: Тымауға қарсы шырын

$
0
0

Күздің алғашқы айы жылы өткенімен, қазан басталғалы көбімізге тұмау тиіп, ауырып жүрміз. Тұмауды алдын алу үшін «С» дәрумені бар жемістерді көп жеу керек екендігін бәріміз білсек те, лимонды күнделікті рационға қосу қиындау. Сондықтан да бүгін «Екпін» «Аспаздық» айдарында табылуы оңай, денсаулыққа пайдасы мол үш заттан тұратын шырынның жасалу жолымен бөліседі.

  1. Ол үшін бізге не қажет:
  • Апельсин — 3-4 дана

Апельсиннің құрамындағы 80 г. аскорбин қышқылы (С дәрумені) адамның бір күндік С дәруменіне деген қажеттілігін өтейді. Сондай-ақ апельсиннің денедегі қызуды басатын қасиетін адамдар ертеден пайдаланады екен.
Апельсиннен қызуды басатын тұнба жасаудың әдісі: 3-4 бөлік апельсинді 50 мл. бөлме температурасындағы жылулықтағы қайнаған су құйып 30 минутқа қойып қоямыз. Бұл дәрі-тұнба адам денесінің өте жоғары қызуын түсіреді.
Апельсинді құр өзін жесең де оның тіс үшін пайдасы көп екен. С дәруменіне бай жеміс бактерияларға қарсы тұратын қасиетінің арқасында ауызды ауыз қуысының түрлі ауруларынан алдын алса, апельсиннің құрамына кіретін кальций тістің беріктігіне кепілдік береді екен.

  • Лимон — 1 дана

Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе-теңдікте болуына көп септігін тигізеді. Сондықтан лимон шырынын зерттеушілер емтихан тапсыруға бара жатқан студентке, маңызды кездесуге баратын жұмысшыларға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге шыққалы жатқан адамдарға және есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысын жақсарту үшін ішуге кеңес берді.

  • Қант — өзіңіздің қалауыңызға қарай.

Қант қаншалықты зиян дегенімен, ол адам ағзасына қажетті заттардың бірі. Өйткені оның құрамындағы глюкоза адам миына қуат беретін энергия көздерінің бірі болып табылады. Егер адамға глюкоза жетіспесе, оның жұмыс істеуге деген қабілеті төмендеп, көңіл-күйі түсіп, тіпті басы да ауырады. Ғалымдардың айтуынша адам ағзасына бір күнде 50-60 грамм (10 шәй қасық) қант қажет екен.

  • Су — 1 литр


Алдымен қантқа азғантай жылы су құйып, оны ерітіп қоямыз.


Лимон мен апельсиндерді бөліп, шырынын бөліп алуға ыңғайлаймыз.



Жоғарыда атап өткендей апельсинді жеген өте пайдалы екендігін ескере отырып, шырын құятын стақандарға әдемілік үшін де, пайдасы үшін де салып қоюға болады.



Жемістердің шырынын бөліп алдық.


Дайын шырын мен еріген қантты араластырып, үстінен су құямыз.



Хош иісті, тәтті, әрі С дәруменіне өте бай шырын дайын! Ауырмаңыздар!

Ескерту: Егер қышқыл дәм ұнамаса, лимонды аз, апельсинді көбірек салыңыз.

Асханада болған Айнұр Ракишева


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>