Әдебиет тарихында Нобель сыйлығы беріліп тұрса да, одан өз еркімен бас тартқандар да бар. Сондай ұлы жазушылардың бірі — Бернард Шоу. Не себептен Нобель сыйлығынан бас тартқандығын сұрағандарға ол «Кезінде менің Нобель сыйлығын алуға қызыққандығым рас. Бірақ дәл қазір менің талантым Нобель сыйлығынан жоғарылап кетті» деп, — жауап қайтарыпты. Дей тұрсақ та, шын мағынасындағы ұлы талант болғанымен, белгілі бір саяси себептерге қатысты Нобель сыйлығы берілмеген жазушылар көп. Өте көп...
Амангелді Кеңшілікұлы, «Нобель сыйлығы кімге керек» атты эсседен үзінді
Биылғы Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы лауреатын бүгін Стокгольм қаласында жариялайды. Букмекерлерге сенетін болсақ, әдеби сыйлықтың жеңімпазы Харуки Мураками атануы әбден мүмкін. Ladbroke ұтыс тігу мөлшерлемесін 2/1 бойынша қабылдап отыр, мүмкін олар шынымен де бәрін біліп отыр? Мураками нобелиат атанса, оқырман санын көбейте ала ма? Әлде халық оған деген қызығушылықты бұрыннан бәсеңдетіп, қазіргі проза санатынан алып тастаған ба?
Бүгінде Муракамиді «хиптсерлерге арналған Коэльо» деп атап жүр. Шын мәнінде, бұл жазушы жайында көп айтылады, масс медиа кеңістігінде де жиі жазып тұрады. Алайда, бүгінгі прозаның әдеби маңыздылығы мен көкейкестілігі турасында әңгіме өрбітетін болсақ, бәріміз мүлдем басқа жазушылардың аттарын айта бастаймыз. Осыдан 2000-жылдары сәнге айналған Муракамиге биылғы жылы Нобель сыйлығын берген дұрыс па деген сұрақ туындайды.
Қалай болса да, соңғы жылдары Нобель сыйлығына әдеби әлем күмәнмен қарауда. Оған қоса, саяси астары бар сыйлық онсыз да табысты жазушыға керемет жарнама жасамас. Алайда, Льоса мен Памукты есімізге түсірсек, олардың жағдайы өзгешелеу еді... Ал Рушдиге келетін болсақ.., үмітімізді үзуге тура келеді.
Ал сіз Нобель сыйлығын қай жазушыға ұсынар едіңіз?