ҚМЭБИ жатақханасы
Мекен-жайы: Абай даңғылы, 4
Жатақхана саны: 1
Жатақханада тұру ақысы: тұратын бөлмеге байланысты 10 670 - 14 520 теңге (айына)
Жатақханада 24 сағат бойы тыныштықты қадағалайтын күзетші бар.
Жатақхана ішінде:
- Бір қабатта 2 асхана.
- Әр секцияда душ, ал үш адамдық бөлмеде ванна бар.
- Әжетхана әр секцияда.
- Интернет: Wi-Fi (ақылы).
- Кір жуатын орын үш қабатта орналасқан. (тегін)
Бір бөлмеде: 2 (3) студент тұрады. Барлығы - 208 бөлме, оның 12-сі ғана 3 адамдық.
Бөлме ішінде: әр студентке жеке төсек, сабақ оқитын үстел, орындық, ортақ шкаф және кітап қоюға арналған 4 сөре, тоңазытқыш бар.
Дастан, экономика факультеті, 2 курс.
Біздің жатақхананың бір ерекшелігі - мұнда студенттер кеңес заманындағыдай бір бөлмеде он адамнан емес, екі адамнан тұратындығымызда. Сонымен қатар, бізде әр бөлмеде душ бар. Кір жуатын орын, асхана, компьютерлік сыныптар үзіліссіз істеп тұрады.
Бір кемшілігі, қабырғалардың қалың болғандығынан болса керек, wi-fi нашар ұстайды. Бірақ ол тіпті жатақхананың кемшілігі де емес қой. Бірақ осы жағынан аздап қиналамыз.
Жатақханада KIMEP Times мерзімді баспасөзінің редакциясы орналасқан, 33 компьютермен қамтамасыз етілген интернет зал, Studu room, DVD room, TV room және дәмхана, шаштараз, медициналық орталық бар.
Ерекшелігі: әр бөлмеде телефон бар (жеке ішкі нөмерімен), тұрғындар кез келген уақытта жатақханаға кіріп-шыға алады. Қабат басшылары жатақханада тегін тұрады.
_________________________________________________________________________
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу
Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу
Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханасына фото шолу
Қазақ-Британ техникалық университетінің жатақханасына фото шолу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасына фото шолу