Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Мы - Путешественники. Италия.Верона.

$
0
0

Италия.Верона--Болонья-Mилан-Турин...

Италияндықтардың Пасха мерекесіне орай университет бірнеше күнге жабылатыны туралы ақпаратты естіген соң, көктемнің шуақты күндерін осы елдің тарихи құндылықтарын тамашалап қайту мақсатымен саяхатқа жоспар жасадым. Осы қалада оқып жатқан Орта Азиялық ағайындардан сұрастырып едім, қырғыз ағайындардан саяхатқа баратын серік те табыла кетті. Сонымен 2012 жылдың 5 сәуірде Лаквиланы артқа тастап саяхатты бастап кеттік. Ең бірінші тоқтаған қаламыз - Верона. Ғаламтордан қонақ үйге тапсырыс бермекші болып іздегенде, көптеген қонақ үйдің бос еместігіне куә болып едім, саяхат кезінде көптеп кездескен туристерге қарап, осылар екен ғой, барлық қонақ үйлерді жаулап алған дедім. Көбінесе кездескендерім қытайлықтар болды.

Веронаға бара жатқан поезда куә болған кейбір жайттарды бөлісе отырайын. Европада поездарға билеттерді билет сату кассаларымен қатар вокзалдарда орналастырылған аппараттардан ала аласыз. Туристердің италиян тілін білмей немесе билет алу кезінде қиындықтарға тап болып жатанынын біліп алған кейбір адамдар ақша табу мақсатымен, вокзалда алдымыздан жүгіріп шығып билет алуға көмек етейін деген жас жігіттерді де көрдік. Бірақ ол жерде бірнеше тілде болғандықтан ағылшын тіліндегі нұсқасын да таба аласыз. Поездға алған билеттердің мерзімі алған күннен 1 айға жарамды болады, тек мінетін күні вокзалда бірнеше жерде кезігетін төмендегі суреттегідей сары түсті аппараттарға билетіңізді салып, сол күнді қойдыртып алуды ұмытпауыңыз керек.

Егер қолымда ең бастысы билет бар деп ойлып поездға отыратын болсаңыз тексерушілерге 40 Е  айыппұл төлеуіңізге тура келеді. Менде оны білмейтін едім, күзде Алматыдан Венецияға келгенде, Венециядан Трестеге баратын поездға билет алғанда қасымдағы жолаушылар ескерткен болатын. Поезда біздің қасымызда отырған Қытай қызы білмеген екен, турист болса керек, италиян тілін ден білмейді екен, тексерушілер келіп тексергенде есі шығып кетті, 40 Е айыппұл төлетті. Төмендегі суретте айыппұл төлегеннен кейінгі қытай қызының ренжіген бейнесі.

Тағы бір куә болған құбылыс, Қазақстандағы поездарда жайтты есіме түсірді. Бір италияндық жас жігіт төмендегі қағазды таратып шықты.

Бұл қағаздағы италиян тілінде жазылған сөздерді озімнің түсінгенім бойынша аударып берейін: « Ханымдар, мырзалар! Мені айыпқа бұйырмаңыздар. Маған көмек қжет, мен жұмыс істемеймін, екі балам бар, үйім жоқ, аздаған болсада тамақтануға қайырылымдылық жасауларыңызды өтінем. Сіздерді құдай сақтасын. Рахмет. Жолдарыңыз болсын»- делінген екен. Біраз уақыттан соң жаңағы беріп кеткен қағазын жинап алып кетуге келгенде, мен отырған вагонда ешкімнің қайырылымдылық көрсетіп жатқанын байқамағандығыма қарап, жиі қайталанатын құбылыс болып адамдардың еті үйреніп кеткен ба деп ойладым...

Веронаға саяхат

"There is no world without Verona's walls....

Heaven is here where Juliet lives".

William Shakespeare.

Верона- Италияның ең ежелгі романтикалық атмосфераға  бай қаласының бірі екен. Шекспирдың Верона туралы "Но мира нет за стенами Вероны”, "There is no world without Verona's walls....Heaven is here where Juliet lives" (William Shakespeare) деген сөздері осы қала туралы. Верона Адидже өзенінің  жағасында орналасқан шағын қала екен. Веронадағы тарихи орындарды айтпағанда, көшедегі ежелгі заманнан сақталған үйлердің қабырғаларына қарап-ақ қыдырғанның озі ерекше әсер қалдырып, соншама ғасырлар бойы осындай дүниелердің сақталғандарына еріксіз таңқаласың.

Қаншама ғасырлар өтсе де Веронаның орта ғасырлардағы тарихи құндылығын жоғалтпай тұрғанын, қаладағы туристерден көптігінен-ақ байқағандаймын. Орталықта қызу тіршілік дерсің. Бұл қаланың қоғамдық орнындағы қызметкерлері халықаралық тілді жақсы менгерген екен. Орталық көшелерде жағалай дүкендер мен тамақ ішетін орындар бар.

 

Италияндықтар дeп  «Арена» атайтын  “АМФИТЕАТР” – Веронаның мақтанышына айналған, қаланың ең басты мәдени мұрасы. Бұл амфитеатр Веронаның ең үлкен  Piazza Bra деп аталатын алаңында орналасқан екен. Аренаның сыртқы размері: 138,77x109,52 м, ал ішкі размері: 73,68x44,43 м. Амфитеатр 30-жылдарда гладиаторлық шайқастарға, цирктык қойылымдарға 30000 адамға арналып салынған екен. 16-17 ғасырларда амфитеатрлардың трибуналары күрделі жөндеуден өткеннен кейін,қазір бұл аренада 25000 адам сияды екен. Концерттік, цирктiк шоуларды көрсету үшін қазіргі кезде де қолданылады екен. Есептей беріңіз қанша ғасырлық тарихы бар дуние екенін....

Келесі тарихи құнды орынның бірі ерте заманда тұрғызылған Адидже озенінің жағалауындағы Понте Пьетра көпірі, италиянша Ponte Pietra деп аталады, аудармасы – тас көпір деген мағынаны білдіреді екен. Бұл көпір б.е.д. 89 жылдарда салынған екен. Көпірдің бір жағы мұнарамен жалғасқан. Ұзындығы 120 метр құрайды екен. 1945 жылы соғыс кезінде бұл көпір толығымен қиратылған екен, бірақ 1957 жылы өзендегі негізгі фрагменттерін сақтай отырып қайта қалпына келтіріпті.

Пьяцца делле Эрбе, италиянша Piazza delle Erbe – «шөп алаңы» деп аударылады екен. Олай аталуының себебі 15 ғасырларда бұл алаңда көкөніс сататын базар  болған екен, біздің орталық базарды Алматыдағы «көк базар» деп атайтынымыздай ма деп Алматыны есіме алдым. Қазір де ол жерде кшігірім базарды байқауға болады, бірақ көкөніс емес, негізгі сататын тауарлары туристерге арналған кітапшалар, Верона мен Италияның сипатттайтын сувинерлер екен.

Кастальвекки қорғаны (Castel Vecchio) және Скалигере көпірі (Ponte Scaligero )1355 жылы Кангранде Скалигере тұсында тұрғызылған Веронаның тарихи құндылығы. Castelvecchio деген сөзді – Ескі қорған деп аударылады .

Келесі тоқтаған жеріміз-Ромеоның үйі (Casa di romeo) деп аталады екен. Шекспирдың Ромео мен Джульетта шығармасын білмейтін адам жоқ шығар....Ромеоның үйі 14 ғасырда тұрғызылған екен. Үш этажды қызыл кірпіштен тұрғызылған үй.

Есіктің жанындағы үйдің қабырғасында мынандай сөз жазылған екен:

Қазір Ромеоның үйі – кәдімгі жеке меншік үйлердің бірі екен. Әлемнің жер-жерінен келіп қызығушылардың азаймай, артып жатқанына қарап, жергілікті үкіметтік мекемелермен үй қожайынының арасында үйді музей ретінде жасау үшін сатып алу туралы келісім шарт жургізілуде деген болжамдар бар екен дейді білетіндер.Ромеоның Джульеттaсы қайда деп отырған боласыздар )). Келесі барғанымыз Джульеттаның үйі (Casa di Giulietta) Ромеоның үйіндей емес, бұл жер қазір мұражай ретінде жабдықталған екен. Балконымен қоса тамашалап көруіңізге болады. Джульеттаның үйіне кіре берісте қабырғалардан көптеген жазулар көрдік, ол осы жерге келген ғашық жандардың ырымдап жазылған тілектері екен. Бұл орынға көбіне ғашық жандар келіп, арман-тілектерін айтады екен.

Үйдің алдында қалайыдан салынған Джульеттаның мүсіні тұр. Италияндықтардың айтуынша Джульеттаның оң жақ төсінен ұстау керек деген ырым бар екен, ол жақсылыққа, бақытқа бастайды деп ырымдайды екен.

Бұл қаланың тазалығы да мені таң қалдырды. Әр басқан қадамыңда кездескен қоқыс салатын жәшіктер әдемі болып тізіліп тұрғанын көріп, қызығып суретке де түсіріп алдым. Мен тұрып жатқан қаладан айырмашылығы қоқыс салатын жәшіктері Германиядан кездестіргендегідей әртүрлі заттарға жеке-жеке арналған екен. (Мысалы, пластиктерге, әйнектерге, қағаздарға).

Біз тоқтаған қонақ үйдің қасында кішігірім базар бар екен. Кәдімгі өзіміздің микрорайонның кішірек базарларындай десек те болады. Көресіздер ме, Италияның базарларын, өзім ғана көрмей cіздерде көрсін деп, суретке тартып алған едім мұны да.

Верона – өте кішкентай ғана қала болғанымен өзінің әдемілігімен, тарихи құндылықтарымен ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз.

Саяхаттап жүрген Ақбота Жеңісқызы

P.S. Bepoнa-Болонья-Mилан-Турин....


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>