Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Журналистер пара алады ма?

$
0
0

журналисты

«Қазіргі кезде қоғамда парақорлық жайлады», «пәлен деген шенеуніктің парақорлығы әшкереленді» деп журналистер осы бір кесірлі кесел туралы елге айқай салып, дабыл қағып жатады. Ал сол журналистердің өздері парақорлық дертінен ада деп ойлайсыз ба? Қай жерден болмасын мәселе іздеп табуға аса құштар «төртінші билік» өкіліне пара ұсынатындар жиі кездеседі ме? Мұндайда олар қалай әрекет етуі керек? Осы сауалдар төңірегінде журналистер қауымын сөйлетіп көрдік.

«Пара ұсынған адамды кездестiрмедiм, бiрақ қорқытқандар болды»

бакытжан сатылханулыБақытжан САТЫЛХАНҰЛЫ, «24.kz» телеарнасының тілшісі:

- Журналистер пара алады дегенді естігенім бар. Көзбен көріп, қолмен ұстамағасын бәлен деп айта алмайсың, әрине. Бірақ осы салада жүргесін біреудің «қылмысын» енді біреу байқамай айтып қояды немесе сондай пиғылын өздері жеткізетіндері де болады. Өзім мұндай әрекет о бастан-ақ жоқ едім, сосын-ау деймін ондайды елемейтінім. Қазір сіз осындай сауал қойғасын ойланып отырмын. Меніңше, журналистер халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, ел арасында көп жүргендіктен пара алу әрекетіне бармайды деп ойлаймын. Тек бірен-саран «дәметкіш» болуы мүмкін. Оны жасыра алмайсың.

Журналистiк зерттеу жасаған кезде пара ұсынган адамды кездестiрмедiм. Бiрақ қорқытқандар болды. «Өйтіп-бүйтемін, отқа басыңды үйтемін» дейтіндер табылды. Мысалға айтар болсақ, Маңғыстаудағы Қазақстан-Ақтау телеарнасында «Мәселе» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редакторы болып жүргенде көптеген мәселені зерттейтінбіз. Бірде мен Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы заңсыз құрылыс, бос жатқан жерлерді зерттеуге шықтым, өйткені қарапайым тұрғындар теңіз жағасында тұрып, теңізге қолы жетпейтін, Каспий жағалауына кафе-ресторан салып, шарбақпен қоршап тастаған. Мән-жайды білу үшін иелерін іздедім. Міне, осы жерден «қызық» басталды ғой. Ар жағын айтпай-ақ қояйын. Осы мәселені зерттеген кезде «звоноктар» көбейді, телефоныма тыным болған жоқ.

 

«Қарны ашса, алады да парасын…»

өркен кенжебекӨркен КЕНЖЕБЕК, «Jaqsy.kz» сайтының бас редакторы:

- Журналист те қарны ашса қатуланатын пенденің қатарынан болған соң, алады да парасын… Пара алуы мүмкін. Бірақ алмайтыны басым. Себебі, қазір кез келген әкім немесе бастық шын кінәрат болса және оны журналист байқаса пара беріп құтыла алмайтынын жақсы түсінеді. Газет журналистерін білмедім, ал телевизия саласында бір сюжет жасау үшін түсірілімге журналист, режиссер, оператор, кейде жарық түсіруші де барады. Ал осы төртеуіне бірдей пара беріп көр… Олардың ішінде біреуі қалап тұрғанмен, екіншісінің ұяты жібермейді дегендей… Журналистердің пара алуы, қай жағынан болмасын, қазір мүмкін емес жағдай. Өзім 6 жылдан бері журналиспін және осы тәжірибемде ешқашан пара ұсынбапты.

 

«Тек бір апамыздың сыйлығын алғаным рас, тәбәрік ретінде»

мариям абсаттарМариям ӘБСАТТАР, журналист:

- Менің осы уақытқа дейін көрген шындығым бойынша, пара жүрмейтін бірден-бір сала болса, ол – осы журналистика. Ауылды жерлерде мүмкін, журналист өзі сұрамаса да, қазақы қанға сіңген әдетпен есік алдына бір қой әкеп, болмаса қалтаға ақша қыстырып, журналистің бармағын басатын шығар. Бір жағдай есіме түсіп тұрғаны, курста бір қыз болушы еді бұрын, біз 4 жыл оқыған мамандықты 6-7 жылда әрең тауысқан, жылда академия алып қала беретін. Кейін сол қыз ауылына барып шіреніп жүр деп естігенде таң қалдық. Жергілікті телеарнада істейтін әлгі курстасымыздың ауылда ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, яғни, түкірігі жерге түспейтінге ұқсайды. Қыста отын-суы, жем-шөбі есіктен өзі кіреді дегенде, жағамызды ұстап күлдік. Пара ма, әрине, бірақ мәселе оны кімнің алатындығында. Әдетте өзін сыйлайтын, елдің жағдайын ойлайтын, өз арын ақшадан әлдеқайда қымбат бағалайтын қаламдастарым ешқашан пара алмайды. Себебі, бір көзге түсті дегенше, ертең өмір бойы «мен оны бәленге сатып алғанмын» деген сөз оған түкке де қажеті жоқ. Жұмыс істесе, одан гөрі абыройға кенеліп қана қоймай, табыс оны өзі тауып келетініне күмән жоқ. Мен өз басыма пара ұсынған, «эфирге шығаршы», «мақала жазшы» дегендер ұшыраспады десем өтірік болып кетер, бірақ егер осы уақытқа дейін ел алдында аз да болса абыройым болса, сол ұсынған қолды кері итергенімнен шығар. Тек бір апамыздың сыйлығын алғаным рас, тәбәрік ретінде. Ол қазақтың тұңғыш диктор қызы – Ләзиза Аймашева апамыз. Ләзиза апайым өзінің жұбайы Қазақстан Ұлттық арнасының іргетасын қалаған алаштың ардақты азаматы – Кенжеболат Шалабаев ағамыз жайлы мақала жазғанымда, риза болған апамыз қолындағы сақинасын шеше сала, саусағыма салғаны бар-ды. Бас тартып едім, ренжіп, қызым «мендей болсын деп бергенім, тәбәрік дегенді білмеуші ме ең» деп азар да берез өзіме ұрысты. Айтарым, пара алу немесе жазғанын бұлдау – нағыз журналистің ісі емес, ал арнайы тапсырыспен кітап жазу, солайша өзінің адал еңбегін табысқа айналдыру – бөлек әңгіме. Ол қаламақы деп аталады.

Продолжение - пройдите по ссылке - http://qaznews.kz/zhurnalister-para-alady-ma.html


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>