Ақмолада 1988 жылдың 20 ақпанында ашылған Сәкен Сейфуллин мұражайы атақты ақын, революционер, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, халыққа насихаттауды өзіне мақсат етті.
Мұражай ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХ ғ. басында салынған ғимаратта орналасқан. Екі ағаш үйдің біреуі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Сәкен осы үйге жұмыс бабымен келіп жүрген. Екінші үй - Мұражайдың әкімшілік үйі – бұрын Сәкеннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі.
Мұражайдың 8 залында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және ксерокөшірмелері, тұтынған заттары жинақталған.
Сәкен Сейфуллиннің жұмыс кабинеті.
Мұражайда 6000-ға жуық материалдар бар.
Кіреберістегі гобелен
Білдірер тілегіңіз болса, пікір-лебіз кітабына назар аударыңыз!
Жұмыс уақыты: сағат 10:00 мен 18:00 аралығында, күнделікті (дүйсенбіден басқа)
Мекен-жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20.
Кіру: тегін
Материалды дайындаған: Айжан Байтанова
Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді
Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу
Республикалық кітап мұражайына фото шолу
Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу
С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу
Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу
Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу
«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу
«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайына фото шолу
Жамбыл Жабаевтің мұражай-үйіне фото шолу
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі