Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Тимур БЕКТҰР, «IT-тірлік» ақпараттық-танымдық журналының редакторы, блогшы: Сауатты жаза білетін қазақ блогшылары арасындағы байланыс үзіліп қалды

$
0
0

Астанаға Тимур Бектұр келді деген хабар жеткен соң жайбарақат қарап отыра алмадық. Кездесуге шақырып, дөңгелек үстел үстінде бүгінгі таңда қазақ блогшыларының белсенділігі қалай, қазақ контентінің дамуы және ақпараттық сайттар турасында сұхбаттасқан едік...

Тимур аға, «IT-тірлік» журналына қатысты көпшілік білуі тиіс жаңалықтар бар ма? Қандай да бір өзгерістер болса бөлісе отырсаңыз

- Осы күнге дейін онлайн түрде 2 журнал шықты. Бірақ баспа күйінде шыға қойған жоқпыз. Алдағы уақытта атқарар жұмыстар жайында айтар болсам, iPhone және iPad құрылғылары үшін журнал түрінде шығарғалы жатырмыз. Қазір осы шаруаларды реттеп жатырмын. Келесі айда шығатын №3-журнал жаңағы құрылғыларға арналады. Сайтымызды дамытуға кірістік. Келбетін өзгертеміз.

Олай болса әңгімемізді ары қарай қазақ блогшылары жайлы өрбітсек. Блогерліктен колумнистікке өту туралы сөзді естіп жүрсіз. Көпшілікке түсінікті болу үшін осы мәселеге тоқталып өтіңізші?

- Иә, бұл өте орынды көтеріліп жүрген мәселе. Мұны күн тәртібіне әкелген Аршат Оразов есімді азамат. Наурыз айында Шымкент қаласында өткен блогшылардың құрылтайында, одан кейінгі жиындарда да көп айтылып жүр. Блогерліктен колумнистікке өту – қандай да бір тақырыпты нысанаға ала жүріп, жай-жапсарын зерттеп, соған үнемі қалам тербеп отырумен болады. Яғни, ол да белгілі бір тақырыпты тани білуі себепті мамандануға шақырып тұр.

Кезінде wordpress.com деген керемет блогтұғырнамада біраз қолданушылар белсенді түрде жұмыстанып еді. Кейін барып бірнеше айға бұғауланып қалды. Асхат Еркімбай, Өркен Кенжебек сынды жігіттер танымдық дүниелермен бөлісіп, ақыл-кеңестерін аямайтын. Жазбалары сілекей шұбыртатын аспаздық блогтар болды. Қазіргі блогшылар неге жоғарыда атап өткен жігіттердей жаза алмай жүр. Не кедергі, не себеп?

- Жақсы сұрақ. Енді нақты деректерге сүйенсек, wordpress.com-ның ішінде 500-ге жуық қазақ блогшылары болған екен. Қолданушылар бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста болды. Пікір алмаса білді. Бұл дегеніміз сол жерде белсенді блогерлердің бейресми мектебі қалыптасты деген сөз. Мысалыға айтар болсақ, Асхаттың өзі барлық қазақ блогерлерінің тізімін өзінің жеке блогына шығарып қойды. Онда кірген адам келесі бір блогқа оңай өтіп кететін. Кейін аталмыш блогтұғырнама жабылып қалған соң әлгі мектептің белсенділері жан-жаққа шашырап кетті. Көпшлігі өздерінің жұмысын тоқтатты. Асхаттың өзі Америкаға білім алуға кетіп қалды. Ұрпақтар сабақтастығы дейміз бе, шебер, сауатты жаза білетін қазақ блогшылары арасындағы байланыс үзіліп қалды.

Пікіріңізбен келісуге болады екен. Тимур аға, сайт жасаушы маман ретінде, блогшы ретінде, 24 сағат бойы интернеттен қол үзбейтін, жұмыстанып отыратын, белсенді қолданушы ретінде мынадай ауыр сұрақ қойғым келіп отыр. Өзі қазақ блогосферасының қазіргі жай-күйі қалай?

- Маған өзінің деңгейіне жетіп тоқтап қалған сияқты көрінеді. Көпшілік қолданушылар әлеуметтік желіге өтіп кетті. Мысалыға Нұрлан Жанай деген азамат жақсы материалдар жазып тұрады. Ербол Азанбек деген азамат тамаша жазбаларымен бөлісуден шаршамайды. Кәдімгідей сауатты жаза біледі. Бірақ соның барлығы әлеуметтік желінің ішінде қалып кетіп жатыр. Екіншіден, мен wordpress.com жабылып қалған соң qazaqblogger.com деген блогтұғыр аштым. Асхат бастаған жігіттер kazjur.kz деп аталатын блогтұғыр ашты. Негізі олар бұл шаруаны жақсы алып келе жатқан еді. Бірақ Қазақстандағы хостингтік сервис дамымағандықтан, яки техникалық тұрғыдан әлгіндей дүниелерді көтеріп тұра алмады. Спаммен біраз қиындықтар туындады.

Тимур аға, бізде не көп, ақпараттық портал көп. Десе де, көбісінің аты бар да, заты жоқ. Жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатқандары саусақпен санарлық. Солардың ішінде Baq.kz пен BNews.kz-ті ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда осы ақпараттық порталдардың атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз тола ма? Осы сауалыма қарапайым қолданушы ретінде жауап беріңізші.

- Ашығын айтсақ, Baq.kz аймақтық БАҚ-ты республикалық деңгейге көтеріп тастады. Осы жетістіктерін ерекше атап өтер едім. «Егемен Қазақстанға» жарияланған материалдарды Baq.kz-тенкезіктіріп оқитындар жетіп артылады. Олар қазақ блогшыларының санын арттырды. Әсіресе аға буынды өздерінің маңына топтастыра білді, қызықтыра түсті. Қарап отырсақ біраз ақын-жазушыларымыз сонда жазып жүр. Маған осы даму жағы ерекше ұнады. BNews.kz алғашқы кезде өте әлсіз болды. Оған ешкім де кінә артпайтын шығар. Ал ендігі қарқыны жаман емес. SMM деген сала бар. Қарапайым түрде оны әлеуметтік желілермен жұмыс жасай білу деп түсіндіруге болады. Мінеки, көпшілігі осы мәселенің үстінде ақсап тұр. Мысалы, Baq.kz-тің таңғы сағат 4:00-де он шақты сілтемені қатар жарнамалап жіберуі деген... Білмеймін енді, әйтеуір адам түсіне бермейтін жағдай.

Интернетте қазақ контенті дамуы үшін Үкімет тарапынан қаржы бөлінуі керек деген пікірге қосыласыз ба?

- Біздің Үкіметіміз қазақ мәліметтерінің дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр деп айта аламыз. Ешбір ел «WikiBilim» секілді қоғамдық қор құрып, Уикипедияға ерекше көңіл бөліп, жарыстар ұйымдастыра бермейді. Негізі мұның барлығын ерікті адамдар жасауы керек. «Алма піс, аузыма түс» деген нашар қағида бар. Өзге елдердегі интернет қолданушыларында пайдалы ақпараттарды жариялай салу, көпшілікпен бөлісу деген секілді қасиеттер бар. Ал бізде әркім көрпені өзіне қарай тартады. Тиісінше ол қазақ контентіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Бұдан былай барлығымыз тұтынушылықтан өндіруші ұрпаққа айналуымыз керек деп есептеймін.

Әңгімеңізге рахмет.

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>