Quantcast
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Айжан Байтанова

журналист

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Әйел үшін сөмкенің маңызы туралы сөз қозғау да артық шығар. Сөмке тек аксессуар ғана емес, образды толықтырып тұратын, ең маңызды заттарымызды сақтайтын «көмекшіміз».

Қазнет аруларының сырлас құрбылары — сөмкелері — туралы айдарымыздың бүгінгі екі кейіпкері Эльвира Ерғалина мен Айжан Сапарова.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Эльвира Қазнетте @Айқаракөз нигімен белгілі. Сөмкесінде міндетті түрде ылғалдандырушы крем, әтір және әмиян болуы қажет.

- Астанаға келгеннен бері, ылғалдандырушы крем менің күнделікті must have-ым болып кетті, - дейді өзі.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Қыздар сөмкесіндегі заттардың қанша пайызын косметика алады екен? Бұны санап жатудың қажеті де жоқ, төмендегі екі суретті салыстырсаңыз болды, жауабы дайын-ақ тұр.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Жиырма бірінші ғасырда үнемі байланыста болу өте маңызды, сондықтан қуаттандыру құралын өзімен бірге алып жүрмейтін адамды кездестіру қиын.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Айжанның Қазнеттегі белсенділігі туралы хабардар болғыңыз келсе, гуглдан Айжан Табын деп те тауып алуға болады.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

"Туфлидің көптігі жоқ" демекші, Айжан үшін сөмкеден артық аксессуар жоқ екен.

- Менде қырықтан астам сөмке бар, олардың арасында бағасы екі мың доллардан асатын бренд үлгілері де, мүлде қымбат еместері де бар. Мысалы, мына сөмке - Қытайдан келген сыйлық.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Сөмкесі шағын болғандықтан ба, косметикадан Айжан өзімен небәрі бір әтір, екі далап, айна, тарақ пен шаш қыстырғыш алып жүреді екен. Нумизмат арудың сөмкесінен шетелдік тиындарды табуға да болады.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

- Үйден сөмкеме телефоным мен портативті қуаттандыру құралын салмай шықпаймын. Міндетті түрде өзіммен әтір алып жүремін, бірақ оны жағдайға байланысты таңдаймын, - дейді Айжан.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Қыздардың сөмкесінде тәртіптен басқаның бәрін табуға болады деген пікірді ғаламтордан жалқау ғана кездестірмеген шығар. Сіздің сөмкеңіздегі жағдай қандай? Ішінде не бар? «Екпінмен» бөлісе жүріңіз :)


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles