Quantcast
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Қазіргі «Алпамыстар» өскенде кім болады?

Бүгін білім күні. Мерекеге орай жаз бойы демалған астаналық және алматылық бүлдіршіндер бізбен сырларымен бөлісті: кішкентай болса да, болашақ мамандығын таңдап, өскенде дәрігер, ғарышкер, суретші болғысы келеді екен.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Нұргелді Ерхатов, 6 жаста, №143 орта мектепке барады:
- Мен өскенде ағам сияқты суретші болғым келеді. Қазірде өзіме сурет салған өте ұнайды. Жақсы сурет салатын сияқтымын. Суретшілердің қанша ақша алатынын бірақ білмеймін, меніңше бастысы жұмысың саған ұнаса болды.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Әділ Арманов, 5 жаста, дайындық сыныбында:
- Мен өскенде архитектор болғым келеді. Үйлер мен әдемі ғимараттар салғым келеді. Архитектор жайлы маған әкем көп нәрсе айтып берген. Меніңше, ол адамдарға көп жақсылық әкелетін жұмыс.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Абылай Балсейіт, 5 жаста, дайындық сыныбында:
- Мен нақты білмеймін. Мүмкін космонавт болғым келетін шығар. Олар өте күшті әрі батыр. Және де аспанға, жұлдыздарға оңай ұшып бара алады.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Даниал, 7 жаста, 60 лицей, Мимиория орталығында оқиды:

- Маған Майкл Джексон өте ұнайды, өскенде cол сияқты биші болғым келеді. Қазір де би үйірмесіне барып жүрмін.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Мадина, 7 жаста, 64 лицей:

- Мен биыл мектепке барамын. Өскенде әнші болғым келеді, өйткені ән айту маған ұнайды.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Бейбарыс, 7  жаста, 64 лицей:

- Мен биыл екінші сыныпқа барамын. Сүйікті сабағым - математика, өйткені сандар өте қызық. Өскенде дәрігер болғым келеді, адамдарға көмектесемін.
Image may be NSFW.
Clik here to view.

Елдос, 9 жаста, 64 лицей:

- Биыл үшінші сыныпқа барамын, жақсы көретін сабағым - бейнелеу өнері. Сурет салуды ұнатамын. Ал өскенде адамдарды құтқарып, өрт сөндіруші боламын.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Материалды дайындаған:

Айжан Кәрібаева

Айжан Байтанова


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>