Иран мен Ирактағы оқиғалар 1979 бен 1980 жылдардағы мұнай бағасының тағы бір өсуіне алып келді. Ирандағы революция салдарынан 1978 жылдың қарашасы мен 1979 жылдың маусымындағы шығын тәулігіне 2-2,5 баррельді құрады. Өндіріс тоқтап қалу қаупі де таяп тұрды.
Ирак Иранға 1980 жылдың қыркүйегінде басып кірген болатын, ал қарашаға қарай екі мемлекеттің өндірісі қоса есептегенде тәулігіне 1 млн баррельді құрады, яғни бұл өткен жылға қарағанда тәулігіне 6,5 млн баррель мұнай аз өндірілді деген сөз. Әлемдегі мұнай өндірудің көлемі 1979 жылға қарағанда 10 процентке төмен болды.
Ирандағы революция мен Иран-Ирак соғысынан кейін мұнай бағасы 1979 жылғы 14 доллардан 1985 жылы 35 долларға дейін екі еседен артық өсті.
1973-81 жылдар аралығындағы мұнай бағасының күрт өсуі эмбарго жойылғаннан кейін АҚШ-тың энергетикалық саясатына үлкен әсерін тигізді. 1973-74 аралығындағы баға өсуін басу мақсатымен АҚШ өзінде өндірілетін мұнайға баға бақылауын орнатты. Нәтижесінде шикі мұнайды тұтынушылар импорт мұнайын өз мұнайына қарағанда 50%-ке арзан сатып алатын болды. Басқаша айтқанда, американдық мұнай өндірушілер өз өнімін әлемдік нарықтық бағадан арзан сатты.
1914-1918 жылдары Бірінші Дүниежүзілік соғыс Европаны қақ бөлді. Бұл соғысты кейінірек тарихшылар «моторлар соғысы» деп атайды, себебі бұл әлемдік тарихта қарсылас тараптар бензинде жүретін танкілер, автомобильдер, ұшақтар қолданған тұңғыш конфликт болды. Көптеген әскери кемелер отын ретінде мазутты қолданды. Нәтижесінде бұл соғыс мұнай кен орындарын бақылауды қолға алу үшін де жүрді. Сол кезде мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарында АҚШ, Ресей, қазіргі Индонезия (сол кезде Нидерланд иелігі болған), Австро-Венгрия, Румыния және Индия (Ұлыбритания колониясы) болатын.