Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото.
Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау алған осы шара халықтың апта сайын күтетін жиынына айналды.
Осы аптадағы Домбыра Party қонағы - Сон Паскаль.

Домбыра тарта алатын кез келген жан Домбыра Party қатысушысы бола алады :-)

Домбыра Party ұйымдастырушыларының бірі - Алмас Алтай апта сайын әуелетіп ән шырқайды.

Қыздар тіпті әннің мәтінін қағазға түсіріп әкеліпті. Дайындық мықты! :)

Маралбек пен Алмас әр бейсенбі сайын ән айтып, кәсіби әншінің дәрежесіне көтеріледі, бұйырса :)

Ай, масалардың жаны кіретін болды-ау, осынша адамды көргенде :) Бірақ, оған қарап жатқан халық жоқ, ән тыңдап, құлақ құрышын қандыруда.

Әр бейсенбі сайын Нұржол аллеясында кешкі сағат 20:00де домбыраның күмбірін тыңдауға келіңіз!

Біз әр аптада болатын Домбыра Partyді қалдырмай түсіруге тырысамыз. Ол видеоларды мына жақтан көре аласыздар: http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45