Астана халқы қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды.
Ашаршылықтан опат болған қандастарымыз ешқашан ұмытылмайды. Еліміздің қарты да, жасы да күңірене еске алды.
Өте әсерлі фото. Кішкентай баланың бабаларының рухына еңкейіп гүл қойғаны, құрмет көрсеткені өте әсерлі...
Ұмытпаймыз, ұмытылмайды...
Жандары жәннатта болсын деп құран бағышталық.
Көк байрағымыз ешқашан төмен түспесін! Тек биіктерден желбірей берсін!!!
Ашаршылық құрбандарына арналған монумент. Шарасы таусылған шарананың мұңды бейнесі... Күңіреніп тұрғандай.