Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

. Тау ұшындағы Жұмбақкөл

$
0
0

Ұлытау. Бұл өлкені кез келгені тарихтан білгенмен, келіп көргені, тасбұлағынан суын ішкені аз. Елеусіз күн кешіп жатқан мекеннің көне тарихтан үнсіз ғана сыр шертер мүжілген таулары әлі де көп құпияларын қойнынан шығармай, жасырып келетіндей. Олай дейтініміз бертінге дейін ешкімге белгілі болмаған дәл таудың басынан кездейсоқ көлдің табылуы кімді болса да таңдандырды. Айналасы қамыспен көмкеріліп, тіптен қайың ағашы сондай биіктікте болуын құдіретке балайтындар да көптеп табылар. Жаңбыр, не қар суы десең, шілденің аптап ыстығында буланып ұшып, құрғап кетпеуі қалай?

Алыстан қарағанда киіз үйдің шаңырағы іспеттес пішіндегі таудың бұл бөлігіңе жету, одан шығу, көлді табу бір ойлағаннан оңай емес. Шөл даланың адастырар құмындай болмағанмен, тауға бастар дұрыс соқпаққа түсу сол жерде болған адамның бағдарын алуды қажет етеді.

Суының түсі ақшыл, кейде көкшіл түске енеді. Бір ғажабы - тастың бетінде дымқыл қалмайды. Жағалай қарап шықсаңыз, су шығар тесігін таппайсыз. Міне, тап осы көлді зерттесе, тылсым табиғат құпиясының бір қырын көрер едік. Кім білер, келешекте Көкшетаудағы Жұмбақтасты көруге қалай асықса, Ұлытаудағы Жұмбақкөлге шомыламыз деп ағылатын туристер де көп болар.

Ұлытауда инфрақұрылымның дұрыс болмауынан, туристік бизнесті дамытар көп арналар әлі де жабық. Болмаса, Алашахан, Жошыхан, тау басындағы Едіге батыр, Ақсақтемірдің 200 мың әскерімен қойдырып, күйдіріп жазып кеткен ескерткіші, Әулиетауды көруге кім құштар болмайды дейсіз? Бізде стратегиялар, жоспар, бағдарламалар өте көп. Орындалмай жатса, уақытын кейінге шегеріп, ұзарта салу ештеңеге тұрмайды.

Шетелде ұлтарақтай қара жерден қаражаттың көзің қалай да тауып, қолдан түрлі сауықтыру, демалыс орындарын көздің жауын алардай жылтыратып салып арбайды. Бертіндегі тарих бетіне үңілейікші. Голливуд өзінің киноларымен әлемді жаулап, адамдарды «Америкамания» етті. Жапондардың жаңа технологиямен, техникамен алға қарыштап кеткені қашан. Қытайдың ең сапалы, бағалы А, В, С стандарттарына сәйкес тауарлары Еуропа мемлекеттерінің сөрелерінен табылса, біздің базарларды олардың сапасыз ғана болып қоймай, түрлі ауруға шалдықтырар «қоқыстары» жағалады. Өзбектер де екі өкпесін қолына алып, ентігіп жүгірмегенмен, түрлі өндірісті өзінде ашып, өңдірудің тетігін тауып, дұрыс жолға қоя алды. Бізде ше? Көмескідегіні көрнеуге шығарып, барымызбен даралану - жоғарыдағы Жұмбақкөл секілді әлі де көптеген жауһарларымызды таныта алудан басталмақ.

Асқарбек ҚАЗАНҒАП

ҚазҰУ студенті

фото автордікі


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>