Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы

$
0
0

1

Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көркем Керала штатының Кочин қаласына барған саяхатымды фото баяндама түрінде назарларыңызға ұсынамын. Колониалды ғасырларда Кочин Португалия, Голландия, Англия империяларының еншісінде болған.

Кераланың кей жағалары Араб теңізімен бір деңгейде және жылдың үштен бір мезгілі жаңбырлы болып, тау шатқалдарынан ағатын өзендер салдарынан материкте көптеген теңіз қолтықтары (Kerala backwaters) пайда болған, содан болар ежелден бұл ғажап табиғи экожүйені "Азия Венециясы" деп атап өткен.

3

Еуропалықтардан мұра болып қалған дін, тіл, ескі қамалдар, шіркеулер сақталғанымен, төл халық өзіне лайық аталық ғұмырын кешіп келеді.

4

Негізі Кочин индустриалды қала және халықтың басым бөлігі заманауи жағдайларды баураған, алайда кейбір жергілікті адамдар қарапайым өмір сүреді.

5

Тас жол көпірінің маңында жергілікті егде әйелдер Азиялық Венеция суларында киімдерін жуып жатыр.

6

Маңайды қоршаған шағын мүйістерде тек қайықтармен қатынауға болады. Кочин талай саяхатшылардың қызығушылығына айналу салдарынан, осындай қайық-үйшіктер (houseboat) жалға беріледі. Ішінде өзіңізді жайлы сезінуге болатын барлық жағдайлар жасалған.

7

Біз болсақ бір күндік қызықты саяхатқа аттандық. Тұщы суларда қатынап, оңаша тұрған арал тұрғындарының суда түсіп жырғауына да тап болдық.

8

Бұл егде кісі біздің қайықтың артқы жүргізүшісі. Әр ұзын гандолада екі жүргізүші болуы міндет.

9

Ал бұл сырттан қатал көрінетін кісі қайықтың басты жүргізүшісі. Судың саяз болғандығынан ұзын бамбук таяғының көмегімен қайықты итермелейді.

10

Қайықта отырған басқа шетел саяхатшылардың назарына сапар барысында қазақтың қара жұмысқа икемділігін көрсетуге де саспадық.

11

Қарапайым балықшының жеке аралдағы үйшігі

12

Қайықты бамбук таяғымен жүзгізіп аралдар, пальмалар, қолданыстан шыққан қайықтар арасынан толық тыныштықта қалқып, мызғымас сезімдерге толықтық.

13

Украиналық бойжеткен Италияда өмір сүргенімен, Үнді жеріне әпкесімен қоса үш айлық бэкпэкерлік саяхатқа келген.

14

Біздің танысумыз Гоалық темір жол станциясында бастау алып, өзара саяхатымыз Кочинде жалғасын тапты.

15

Жолда біз қабыршақтарды(раковина) өңдейтін кішігірім зауытқа тоқтадық.

16

Әлгі қабыршақтарды ұнтақтауға арналған орасан пеш.

17

18

Бұл қабыршақтардан өңдірілген ұнтақ құрылыс саласында қолданысын тапты, яғни ұнтақты цементпен араластыру салдарынан соңғы өнімнің сапасын әлдеқайда арттыруға болады екен.

19

Өзен лайына құрбан болмау үшін, бамбук таяғының көмегіне жүгінген адам. Есесіне бұл тұщы өзендер қолтырауындарға (крокодил) толы болды, оларға бірінші рет кезігіп жүргендіктен, объективке түсіру естен шығып та кетті.

20

Қайығымыздың келесі аялдамасы кокос өңдейтін жер болды. Кокос талшықтарын түрлі өнімдер шығару үшін қолданса болады екен.

21

Жас пальмалардың өмірі жіпке ілінуінен басталады, кейін есейген кокос жерге отырғызылады

22

23

Кокостардан алынған талшықтарды өзара біріктіру арқылы, ұзын арқан іспеттес жіптерді өриді.

24

Сонан соң бұл жіптерден түрлі кілемдер, төсеніштер өңдеп шығарады.

25

Теңіз пираттарының (әрине Джек Воробей сияқты) қуалауынан сақ болу кейінге қалдыратын іс емес.

26

Татымдылар (бұрыш,қалампыр, даршын) плантациасында ойнаған бүлдіршіндер. Керала татымдылары ежелден Мысыр, Таяу Шығыс, Грек елдеріне тасымалданатын, әлі де болса татымдының жергілікті экономикада өзегі мол.

27

Даршын (корица) татымы тропикалық ағаштың қабығынан алынады. Үндістер оны асқа қосып қана қоймай, шайға да матырады.

28

Мангоның тек пішініне ұқсас жеміс. Алайда ол улы, демек жеуге жарамсыз.

29

Пальмалармен қоршаған ортада тек бір топ қарғалар қарқылдап ұшып жүрді, айтпақшы, Оңтүстік Үндістан бананнан кептірілген чипсымен танымал.

30

Экзотикалық сафариде бәрі дерлік ерекше, тіпті пальма жапырағы бізге ыдыс ретінде ұсынылды.

31

32

Ажалы жеткен питонды саяхатшылардың тамсаңған жүздеріне сауық болсын деп байлап қойыпты.

33

Шашты майлау кез келген үндістің таптырмайтын қажеттілік әдеті.

34

Дравидтер (Оңтүстік Үндістан халықтары) ежелден бері осында қоныстанған, сондықтан ерекшеліктерге толы. Дравид ерлері лунги атты белге оралатын киім-кешегімен айрықша атақты. Оны қарапайым егіншіден бастап штаттың саяси шенділері де киеді.

35

Көне құдық әліге дейін адамдарға қызмет көрсетуде.

36

P.S. постты қалайша аяқтаймын деп терең ойға баттым, дегенмен осы сәнді орындықтың суретімен-ақ аяқтайын, әйтпесе әңгімеміз ұзақ болып кетті. Келесі жазбаларда жүдескенше, халайық!

Саяхаттаған: Намаз Нирак

фото автордікі

Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели

Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

САЯХАТ 3, Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?

Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>