"Блогқұрылтай-2013" жиынынан суреттер тамашалай отырыңыздар.
Ескерту: Кадрдан тыс қалған кейіпкерлер әлдеқайда көп...
Сөздің басын ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз хатшысы Берік Уәли ағамыз алды.
«Қазақстан» РТРК АҚ web ресурстар бөлімінің бастығы Мейрамхан Жапек блогерлерді ұлттық мазмұндағы жазбаларды көптеп жазуға шақырды.
Суретте қазақ интернетінің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген, талай сайттардың кіндігін кескен Аршат Оразов.
Білімді жігіттер білгендерімен бөлісті. Суретте (солдан оңға қарай) Нұрлан Жанай, Ілияс Бурханов, Садық Шерімбек.
Құрылтайға шет елдерден де білікті жігіттер келді.
Сонымен қатар осы құрылтайда ақша мәселесі көп сөз болды. Әсіресе сайт арқылы ақша табу.
Бір кезде олар кіріп келді...
ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов мырза блогерлерді ұмытқан жоқ. Бірқатар сауалдарға жауап берді. Сол үшін де рахмет!
Блогерлердің атынан табыс етілген сыйлық!
р
Блогқұрылтай болмаса журналистер жұмыссыз қала ма? )
Суретте Дінмұхаммед Зиядин.
Нұрғиса Асылбеков һәм Аршат ағаларымыздың көздері бір бағытта.
"Surak-zhauap.kz" сайтының жетекшісі Ербол Серікбай бауырымыз сөйлеп жатыр...
Нұрлан Жанай "Нақыл.кз" сайтын таныстыру үстінде.
Елдар Құдайбергенов "Tumble.kz" жобасын таныстыру үстінде.
Амангелді Сейітхан ініміз домбырасымен көзге түсті.
Жігіттер жұмыстарын қорғап жатыр.
Үрімжі қаласынан келген құрметті ағамыз Ақытбек Шеризат "Туиттердің" орнын "Титтеймен" алмастырсақ деген ұсыныс айтты.
Сауалдар көп болған күн.
Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов ағамыз да қазақтілді блогерлерді ұмыт қалдырған жоқ. Жалпы блогқұрылтайды Мұрат ағамыздың қатысуынсыз елестету қиын.
Қазақ интернетіне еңбегі сінген мықтыларды марапаттау басталды.
Планшеттер өз иелерін тапты...)
Құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан еріктілерді де алғыс хатсыз жіберген жоқ. Амангелді Құрметұлы ағамыз әбден лайықты.
Құрылтайдың қызығы тауда жалғасын тапты.
"Блогерлер бара жатыр таудан асып,
Бұлттармен таудан асқан араласып". Бекболат Тілеухан.