Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?

$
0
0

1

Джанси қаласының темір жол станциясындағы үйреншікті көрініс. Пойыз күтушілерінің осылайша кез келген жерде көлбейінен жатуы ғажап емес.

2

Демалып жатқан күтушілерге (мүмкін жергілікті тұрғындар) станцияның сыртынан да жолықса болады.

3

Бэкпэкер саяхатшыларының сүйікті sleeper вагоны. Бұл вагондар ақысы арзан болғандықтан, кейде ине симайтындай жұртқа толы болады.

Әттен-ай, вагон еденінде ұйғасқан бауырластардың кіші інісі сүретте көрінбейді, себебі ол төмен сол жақ полкасының астында рахаттанып жатыр.

4

Каджурахо Делиден 620 шақырым онтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

5

Бұл ғажап храмдар кешені Х-ХІІ ғасырлар аралығында Чандела династиясының орталығы болған кездерде салынған.

6

Заман алға басқан сайын, кей династиялар топыраққа айналса кейбіреулері сол топырақтан пайда болады. Чандела династиясының да билігі мәнгілікке созылмады.

7

ХІІІ ғасырдан ХІХ ғасырға шейін қалашық қалың қаптап өскен, джунглимен қоршалып, Майа храмдары сияқты сыртқы назардан тыс қалды. Сондықтан болу керек, Үнді жерін басқан Ислам діндес сұлтанаттар бұл орта ғасыр қалашығы туралы мәлімсіз болған, әйтпесе біз қазір бұл ескерткіштерді тамашалай алмайтында едік.

8

Храмның ішкі көрінісі де, епті мүсіндерге толы

9

Девнагри әліпби қолданысымен, көне санскрит тілінде қашалынған тас тақтайы. Есесіне, қазіргі заманда санскрит тілі тек діни шаралармен, киелі кітаптарда қолданыста журсе де, девнагри әліпбиі әліде Үндістан, Непал, Бангладеш елдер тілдерінде қолданыста.

10

Мүсіндер мен храмдар кілең құм тастан жасалынған.

11

Хинду дінінің Вишну атты құдайы. Барлық Вишну мүсіндері тек бір піл суйегімен әшекеленеді екен.

12

Әйтсе де, табиғи күштері өз ізін қалдырған. Бастапқыда бой көтерген 85 храмның тек 20 шақтысы сақталған, алайда күрделі реставрациялық жұмыстардың көмегінің арқасында, саяхатшылар бүткіл әлемнен осында тартылады.

13

Әр мүсінің өзіндік ерекшелігі бар, ал бәріне ортақ ол әр мүсінің аяғы, жанбасы, басы түрлі тараптарға майысып қоқилануы.

14

Кешен маңында алпауыт арыстандар кейде аулауға шығып, осындай қайғылы жағдайларға әкелуі әбден ықтимал. Сондықтан көрген жерге қолды сұқпай, абай болыныз.

15

16

Барлық мүсіндердің тек 10% эротикалық бағытты қамтиды, ал қалған мүсіндер, сол заман тұрғындарының күнделікті өмір тіршілігі, хинду құдайлары, жануарлар, әскери сапарлар, қарапайым егінші бишілер таста ойлған.

17

Бізді кешенге тегін кіргізді, сүйтсе бір аптаға созылған әлем тарихи ескерткіштерінің құрметіне арналған шара болыпты (ЮНЕСКО-ның бастамасымен).

18

Әлемдегі барлық эротикалық бағытта салынған тарихи мусін ескерткіштердің арасында, Каджурахо ерекше орын алып тұр.

19

Дүниеде осындай мүсіндерге іспеттес көлемде салынған кешен басқа еш жерде жоқ.

20

Мүсінші екі жақтағы бойжеткендердің майысып, ұялып тұрған сезімдерін жеткізуге тырысқан.

21

Мол жаңбыр мен ысыған күн нұрлары храмдардың бетін қара туске айналдырады

22

Гангман стайл әнінің отандасы, қасиетті бұқа құрметіне арналған храмның төңірегінде отыр.

23

24

69

25

26

Каджурахо қалашығының базарындағы пышақ қайрайтын дукенше шеберлері.

27

Ата-бабасынан қалған тасты өнер мұрасын тамашалауға келген мектеп оқушылары.

28

Каджураходан 20 шақырым жердегі табиғи су коймалары, негізі бұл өзеннің бөлігі, бірақ  қыс мезгілінде жауын жаумайды, күзетшінің әнгімесіне сенсек, муссон мезгілінде жергілікті өзен, ғажайып сарқырама болып, керемет мөлшерде суды айдайды.

29

Осы маңайды серуендеу үшін велосипед жалдадық, урал тәріздес екі дөңгелекті көлікті бар болғаны 50 рупиге куні бойы айдауға мүмкіншілігініз бар.

30

31

Әліге мамандар бұл тас мүсіндердің неліктен салынғаны туралы талай пікірталас туғызған кезде, қарапайым саяхатшылар мында келіп, гидтардың аңыздарын тындап, бұның бәрі өнер ия пасықтық деп өз тұжырымдарын жасауда.

P.S: Жоғарыда баяндалған мәтін ішінде қателіктерге тап болсаныз, төменде ескертуінізге болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>