Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық. Алғашқы материалымыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен басталады.
- Таулары үшін: Алмарасаннан сәл көтерілгендегі көрініс
- Таңы үшін: таң енді ғана атып келе жатқандағы тыныштық пен нәзіктік
- Түнгі өмірі үшін: қай лаундж, кафеге бармасаң да, әйтеуір бір таныстарыңды кездестіресің
- Кішкентай сүйкімді кофеханалары үшін
- Әдемі, сәнді, еркін жастары үшін
- «Ақ сарай» театры үшін
- Ұлттық кітапхананың бай мұрағаты үшін
- Арзан таксиі үшін
- Ең күшті балериналары үшін
- Еш қай жерде болмайтын Джаззистаны үшін
- Қыста сноуборд, коньки, шаңғы теуіп жүрген белсенді тұрғындары үшін
- Ең бай букинист дүкендері үшін
- Динамо стадионында жүгіріп жүрген әжелер мен аталары үшін
- Буккроссинг сияқты қызықты шаралары үшін
- Талантты суретшілердің көрмелері үшін
- Төлебаев көшесі үшін
- Күзгі уақытта керемет пейзаждары үшін
- Дизайн, фотография мен IT салаларында жұмыс жасап жүрген талантты мамандары үшін
- Қазақфильм киностудиясы үшін
- Көк-төбе үшін
- Ең үлкен мұз айдыны Медеу үшін
- Керемет концерттер өтетін Республика сарайы, Қазақ концерт пен Студенттер сарайы үшін
- Шулы қаладан демалуға болатын Ботаникалық бақ үшін
- Зообақ үшін
- Панфилов паркіндегі тазалық пен тыныштық үшін
- Қашан барсаң да музыка ойнап тұратын, әдемі картиналарды алмасаң да, суретшілердің өнеріне тамсандыратын Арбат үшін
- Демалуға, тыныш отырып кітап оқуға ыңғайлы Меганың артында ағып жатқан Алматинка өзені үшін
- Президент саябағындағы әдемі фонтандар үшін
- «Неделька», «Театралка», «Төлебайка» сынды сквер, парктері үшін
- Алматының ескі бөлігі үшін: өзіңді қаланың бір бөлшегі сезінесің
- Абай-Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан дөнер кафесі үшін
- Мәдени, қоғамдық іс-шаралар көп болатындығы үшін
- Қонаев-Шевченкодан жүретін кофейня-тармвай үшін
- Құбылмалы ауа-райы үшін, адамның көңіл-күйіне ұқсас...
Бұл тізімді пікір арқылы бірге жалғастыруға баршаңызды шақырамыз.