1.Кез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайлай шатқалдары, рафтинг, трэккинг, үнді храмдары, йога, медитация және дәмді манты сияқты "момо" атты Непал асүйі еске келері сыр емес. Бірақ дүние бір орында тұрмайды, сондықтан Ришикеш жайында үйреншікті мағұлматқа қоса, адреналинді жаңа деңгейге қалай жеткенімізді баяндаймын.
2.
Ришикеш-қаласы Үндістанның өлшеміндегі кішігірім "Уттараканд" штатында орналасқан. Йога мен медитацияның әлем астанасы болып саналады, танымал The Beatles тобы 1968 жылы осында келген болатын, сол уақыттан бері хиппилар және сол бағыттас жас ұрпақтардың негізгі туризм бағытына кірді.
3.
Дели-Харидвар бағытында қатынайтын темір тұлпарын күтіп отырғанда, аяғы гипсте болып, жүк арбада кезіп журген кісіні көрдік. Cуреттің сол жағындағы ер адамның қолында "шарифа" атты жемісті байқасаныз болады, түрі шырша бүрі іспеттес болғанымен, өте дәмді жеміс. Орысша аты "анона".
4.
Маймылдар негізі үнді храмдарының қасында шоғырланған, себебі үнді діндарлары өзімен бірге құдайларға құрбандыққа арнап, жеміс-жидек не турлі тағамдарын әкеледі. Таудың дәл үстінде орын тепкен үнді храмдарына жетү ушін арнайы сатымен не кішігірім фуниклермен жетсе болады.
5.
Біз асықпай баспалдақ жолын таңдадық, жоғары шыққан сайын, секіріп садақа деп жырғап, көптеген маймылдармен жолықтық.
6.
Желтоқсан айы салқын таңсәрі. Қыста осы таулы аймақта тунгі температура -2 градусқа шейін түсуі әбден ықтимал, есесіне, үйлердің ортақ жылыту жүйесі болмағандықтан, қыста бұл аймаққа шетел туристтері аз келеді,
7.
Осы жас бикеш Лондон тұрғыны. Йога ісімен айналысқанына жеті жыл, тантра йога курстарын жіті менгерү мақсатымен келген, йогаға қатты құмар болғанымен өзін кешқұрым сыра ішүінен және наша тартқаннан шектемейді.
8.
Біз жатқан гест хаустын төңірегіндегі ашрамдардың бірі.
9.
Ганг өзенінің екі жағасын қосатын көпір- "Лакшман Джулла".
10.
Көпір ені бір метр болғанына қарамастан,тайынбайтын, үнді тұрғындары жаяу көпірді мото тас жолға айналдырған
11.
12.
Ганг өзенінің тасты, таулы өнірдегі ағысына қарап, кей жерлерде құмды жағажайларға тап болу, тамсандыра суға түсуге тартады.
13.
Ришикештің ен ірі храмдарының бірі
14.
Көпір қожайыны түскі тамақ уақытындағы тамақтануы.
15.
Сарқырамаға баратын тау соқпағындағы қызықты көрініс. Бұл орындық тас көшкінінің құрбаны болды.
16.
Ал мына қызыл кеудешеге сарқырамаға баратын тас жолда тап болдық, мүмкін иесі қатты болған желге жолығып, ішкі киімінен айырылған.
17.
Сарқырамаға кешкі сағат бесте жеткенде, күннің нұры таудың арғы бетінде қалды. Салқын, мөлдір су бізді керемет баурап, Гималай шатқалдарынан бастау алған қадірлі суынан дәм татып, ғажап сезімдерге ие болдық. Сарқырама қыста қарапайым болып көрінеді, оның себебі көшпе мұздарының қату мезгілі. Муссон айларында су бар күшімен төмен бағытталады, дәл сол кезде рафтинг сүюшілері де келеді.
18.
Сол жақта ыдысын жуып отқан пенде, сарқырама төңірегіне келген туристтерге ыстық шай, магги ұсынады.
19.
Ал бұл әсерлі боянған, артында сары құйрығы бар және кастерлі зілбалғасын ұстаған, хануман құдайы. Сіздің маңдайынызға күлімсіреп нуктені (бинду) жағып жібереді, тағы сізбен сүретке түсуге сұранады. Ол жай ғана қайырымдылық жасап жүр деп ойламаныз, оның күні бойы бойанып жүргеніне сіз әрине ақша төлеу міндеттісіз, одан құтыламыз деген бес рупиге маймылдай ырылдап, өкпесін көрсетті.
20.
Бастапқыда Ришикешке келген мақсатымыз ол Bungy jump. Бас офисі қаланың өзінде, ал платформаға тағы 20 шақырым жолды таудың беткейімен жетсе болады. Билет бағасы 2700 рупи оған қоса 300 рупи секіру маңына жеткізетін көлік, бірақ сол жерге қандай жолмен жету, өз еркінізде. Бұл бизнесті бастаған жұбайлар Жаңа Зеландия (bungy jump отаны) азаматтары. Ерлі-зайыптылардың сөзіне сенсек, Қазақстаннан келген алғашқы болыппыз. Платформадан жерге шейін 83 метр, барлық резеңке арқандары бірнеше мәрте жіті тексерістен өтеді
21.
Үстінде 5-6 жұмыскер мамандар сізді жақсы, көтеріңкі көңілмен қарсы алады, себебі адам психологиялық тұрғыда өзін жаңа лимитке белін буады. Аяққа байланған арқан мыңдаған жіңішке резенкелерден жасалынған, оның барынша созылуы сіздің салмағынызға байланысты. Резенке арқанды мамандар ақырын астыға жіберу себебі, онын салмағында. Секіруге дайындалып, платформаның шетіне тұрғанда, арқанның салмағы сізді астыға тартқаның сезуге болады.
22.
Платформадан жерге деген қашықтық сезімі жүрегінізді дуркілдетіп соқтырады, бастапқыда үн шығармай төмен сүңгемін деген адам, жартысына жетпей, жанда бар ынтамен щыңғырдым.
23.
Әттеген-ай, алынған билетке сіз бір рет қана секіруге мүмкіндігіңіз бар.
24.
Резенке арқаң бірнеше мәрте созылып, жиналып, ақыры тоқтауға мәжбүр болады, сол кезде үстінен арқанды ақырындап түсіреді, ал астындағы мамандар сізге ұзын бамбук таяғын созады.
P.S: Секірер кезде, мен Жаңа Зеландиялық әйелден оның қанша рет секіргенін сұрап едім, "бұл жақтан ешқашам, өйткені мен үшін тым биік",- деп жауап қайтарған болатын(жүрегімнің тамыр соғуы күрт есейді).
P.Р.S: Егер де, қателерге кезігіп, төменде оны ескертсеніз, сізге мыңда-бір рахмет.