Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

туризм. алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели

$
0
0

1

Салем халайық, yvision-дағы блогтарды бұрыннан бері оқып жүрмін, әсіресе қазақ тіліндегі блогтарды ұнатамын, бірақ олардың мазмұнына емес, ал тек ана тілінде болғанына ғана мән беремін. Өзім біраз уақыттан бері шетелде оқығандықтан ана тілімде жиі сөйлесе алмаймын, тіл тәжірибенің тапшылығыннан осындай блогтардан, жаналық ақпараттарынан жиі-жиі, айдындарға көз тастаймын. Егерде орфографиялық, мазмұндық не басқа болсын қателіктер көздерінізге түссе, төменде онын бәрін ескертсеніз, сізге мыңда бір рахмет. Есесіне, блогта неғұрлым көп сурет болса соғұрлым қызықты және есте қаларлық болады, онда бастайық:

2

2011 жылы мамырдың ысыған айында, Дели, Үндістан. Досым екеуімізде, Алматыға ұшар алдында үш күнімізді қалай өткізү туралы шешім қабылдадық. Сонымен үш күнге, бір байк жалға алуға аттандық, екі дөнгелекті көліктің базарында жалға берілмейді екен, бірақ сатушылармен сөйлесіп, арманымызға жеттік, мақсатымыздың бағасы 1650 рупи(үш күнге), байк иесі кепілдік ретінде көліктің жарты соммасын сұрады оған 20000 рупи , және жеке куәлігіміздің көшірмесін қалдырдық. Екі тарихи қалалардың (Дели-Агра) арақашықтығы 204км, біз 6 сағатта жеттік.

3

Тәж Махал кесенесін Бабұр ханның ұрпағы Жақан шах, 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған екінші тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Көп ұзамай Жақан хан Мұмтаз Махалдың туған сінілісін кезекті әйел қылып алады.

4

Байк Bajaj Pulsar 150кубсм, тәжірибесі аз байкерлерге өте лайықты, макс жылдамдығы 120кмсағ. Жалға берген байк бірінше сол базарда тест-драйв жасаған кезде рикшаға соғылуға жақын болдым. Иесі бірден айтты "сендер айдау білмейсіндерғой",-деп. Оның сөзіне қарамастан тағы бір-екі рет көшеде айдап, бізге сенуге болатынын дәлелдедік, базардан шығып Делидің тақ орталысында бізді ГАЙ тоқтатып 300 руппи айып тақты (шлем тақпаған ушін), жүргізу куәлігін сұрамағаны жақсы болды(олда жоқ еді), ақыры бір тиын (пэйса) бермей құтылдық, тунде Делиде айдап жүргенде жолға электр бағанасынан түсіп қалған сым дөнгелекке орала жаздап, қолымды сырып жіберді,абырой болғанда тежегішті уақытылы теуіп аман қалдық, белгізіс механикалық проблемадан байкты қайтадан оталдыра алмадық, отель қашық болды, арада жан жоқ қаранғы көше, бір кезде қарама қарсы жолда ГАЙ қызметкерлері  тоқтап істің мән-жайын сұрастырды. Байк оталмайтынын көрсеткен едім ол бірден кілтімізді талап етті, бес минут шұқылап ақыры темір тұлпардың жаның сақтап оталдырды, сосын бізден, қайда жол ұстап тұрғанымызды сұрады, қалтамыздан отельдің визиткасын көрсеттік, ол болса рациямен тағы екі жол полиция инспекторларын шақырып, бізді салтанатты турде отельге шейін шығарып салды,)))

5

Агра форт. Тегіс қара мрамордан жасалынған шах төрі(салмағы 1,5т), қабырғаларында құран сүрелерінің үзінділері қашалған, ал көкжиекте Тәждің өзін байқасаныз болады.

6

Тәж Махалдың маңында көптеген кәдесый дукеншелері қаптап тұр, сатушылардың басым бөлігі мұсылмандар, сондықтан "сізде, бізде мұсылман қауым деп" арзанға, нағыз мәрмәр бұйымдарын беретін сөзі бар еді, бірақ өкінішке орай, діннің сылтауымен сізге қымбат және өтірік мәрмәр (яғни қатырылған сабын) заттарын сүмкенізге тығып ақшасын талап етуі әбден мүмкін.

7

Бұл әйелдің қасында жатқан балдақтарын байқаған шығарсыздар.

8

9

Ал бұл жұлдыз іспеттес жанбыр суынын кұйылыс тесігі

10

Жалпы Тәж Махалға кіру билет бағасы 750 рупи, бірақ қолында үнді құжатын болса (мысалы студенттік билет) және үнді тілінін қарапайым сөздерін менгерген болсаныз, тек 20 рупи төлеп кірсеніз болады, мен өз басымда екі рет осылай жасағанмын, ал кассир "кайдан боласын?", деген сұрағына "Ассам"- деп жауап беремін, үйткені Ассам штаты тұрғындары монголойдке тұқымына жатады.

11

Агра форт манайындағы тиындар, алақаннаң нан теріп жейді, ал нан қоқымың сол жердегі кен жүректі кісілер сізге беруі тиіс, бірақ қоқым үшін ақша қалдыруға ұмытпаныз, әйтпесе тиындар әскерін сізге бағыттауы әбден ықтимал.

12

Үшінші күні түсте Делиге кайттық, жолымызға бес сағат кетсе де, үлкен қалада адасып байкты, иесіне әрен тауып қайтардық. Саяхатымыздан өте қатты шаршадық оған қоса мамыр айы бұл аймақта кун аямай күйдіреді, мен болсам кигенім қысқа шолақ шалбар мен футболка (олай қатты мен ешқашан куймегенмін) бұл саяхат екі жыл бұрын болғанымен, әліге шейін досым екеуіміз аңсап еске түсіреміз, оған қоса туған елде ешқашан байк айдауға үйренбегенбіз, тек бір рет досым қалай оталдырып, тежегіші қайда, жалпы қалай тұтқаны басқару жолын көрсеткен еді, содан бірден үлкен қаладан жолда тәжірибеленіп, ұмытылмас сезімдерге тап болдық

13

PS: жалпы үш күнде 500 шақырым жол айдадық, күн сайын 10 литрден су іштік, күніге 9 сағат байктың отырғышында өткіздік, 20 литр бензин құйылды, үш рет Делиде ГАЙ қызметкерлеріне тап болдық, және де байк иесіне берілген сөзімізді ұстамадық(Делиден ары айдамауызды сұраған(біз болса мулдем басқа штаттың шекарасынан өттік))


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>