Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

“Жерұйық”

$
0
0

Әрқайсымыздың айналамызда басқа ұлт өкілдерінен достарымыз, туысқандарымыз, таныстарымыз бар. Ал сол таныстарыңыз біздің елімізге Қалай келді? Қайдан келді? Қалай оларды қарсы алды? деген сұрақтар туралы ойланып көрдіңіз бе?! Ұйқысыз бір түндерде маған сондай бір ой келді. Солай интернет желісін аралап , осы Лаврентий Сонның сценарийі бойынша жазылған «Жерұйық» фильміне кездестім. Кино Лаврентий Сонның естеліктеріне негізделген.Кино бірінші көріністерінен-ақ өзіне қызықтырады.

Негізгі көрініс 30 –жылдардағы жұттан кейінгі қазақтар мен қазақ диаспораларының тұрмыс-тіршілігі жайлы. Кинода қуаныш пен қайғы, достық пен сатқындық , махаббат пен зұлымдық , жұбаныш пен қасірет, бірлік пен араздық бейнелері көрермендер көкірегіне әсерлі жеткізілген. Менің жүрегіме қатты әсер еткені қазақ халқының қонақжайлылығын көрсететін көріністері. Мысалы, қақаған аязда далада жатқан корей ұлтының бірнеше адамын, өздеріне тарлық еткен үйлерге кіргізіп,төрінен орын бергені, бір-бірін түсінбесе де «рахмет,спасибо, камсаамнида» деп алғысын айтуды ұмытпағаны.

Киноның басты кейіпкері- Орынбай Берсугуровта қазаққа тән қасиет бойында бейнеленген. Орынбай Берсугуров қазақ, кәріс, түрік, еврей, орыс, неміс, ұйғыр,өзбек, күрді балаларына ата болып, тек үй-жайын ғана ойламай, оқуға, өнерге шақырған.

Кино қатты ұнады, бірақ кейбір кемшіліктері бар ( бұл тек қана менің ойым). Мысалы, махаббат тақырыбы ашылмаған(Темиржан мен Қарагөз, Барбара мен Ильяның қосылғандарын қатты көргім келіп еді ), кей оқиғалар соңына дейін түсірілмеген.Осы киноны көргеннен кейін бір көзқарасым өзгерді, осыған дейін тарихи қазақ киносы дегенде көз алдыма қайғы қасіретке толы кинолар есіме түсетін, енді олай емес.


Мүмкін бұл фильм болашақта еліміздің тарихында өз орнын алады, себебі бұл жай ғана кино емес, бұл біз білуге және ұмытпауға тиіс  тарихи оқиға. «Жерұйық» - ол жаһандық гуманизм тарихы. Мүмкін, барлық халықаралық ұйымдарға барлығына ортақ келісім мен әлемдегі толеранттылықты қалай құруды түсіну үшін осы туындыны көріп , есту жеткілікті болар.Тағы да айтайын дегенім, әркімге әсер ететін мына бір сөз жолдары…

“Сол бір ызғарлы, қасқыр ұлыған сұрапыл заманда Қазақ даласына милионнан астам кінәсіз адамдар күштеп жер аударылған еді. Біз және бізден кейін ұрпақ қилы заманда жанымызға демеу, қолтығымызға сүйеу болған казақ халқына мәңгілік қарыздармыз. Қазақ халқы өз басына түскен талай ауыртпашылыққа қарамастан, бәрімізді бауырына басып, ажал орнынан құтқарып қалды. Бугінде өсіп-өткен, көркейген тәуелсіз Қазақстан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстар үшін шын мәніндегі Жерұйыққа айналды”



Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>