143 жыл бұрын еліміздің оңтүстік аумағында жаппай "фотосессия" ұйымдастырылды. Қалалар мен жергілікті халық тұрмысы, тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттар фотограф назарынан тыс қалмады. Бұған арнайы тапсырма болған. Патшалық Ресейдің Ташкенттегі ресми өкілі, генерал-губернатор К.Кауфманның пысықтығы ма, әлде арнайы зерттеу науқаны ма, әзірше белгісіз. Бірақ сол әрекеттің арқасында бізге 140 жыл бұрынғы өмірді көрсететін 1200 жуық сурет жетті. "Түркістан альбомы" атты төрт томдық жинақ 1870 жарық көрді. Бұл туындының толық нұсқасын АҚШ Конгрессінің кітапханасы жақында ғаламтор беттерінде жариялады.
Шымкент 1870 жыл. Бүгінгі қаланың келбетіне қарап, бұрын осындай болғанына шынымды айтсам алғашқы кезде сенбедім. Алайда нақты фактқа қарсы болу мүмкін емес )))