«Ғылым Ордасындағы» бұл мұражай басқа үш мұражайға қарағанда ең ескісі болып саналады. Осы жылы оған 52 жыл толып отыр. Кезінде Ғылым Академиясының көне институттарының бірі — 1932 жылы құрылған Зоология институты материалдарының негізінде құрастырылған. Институт ғалымдары түрлі экспедицияларға шығып, қазба жұмыстары, жергілікті фауна мен флора, көптеген қызықты материалдар жинастырып, зерттеген. Осы жұмыс нәтижесін көпшілік назарына ұсыну үшін осындай мұражай құруға шешім қабылданған еді. Ал бастамаға Ғылым Академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қолдау көрсетіпті.
1957 жылы экспозициялар құрылысы мен экспонаттар жасау жұмыстары басталған. Бұл мұражайға сондай-ақ Зоология институтының басқа да зертханалары өз фондтарынан экспонаттар ұсынған. Бүгінде мұражай үлкен жөндеу жұмыстарынан өткен. Палеонтологиялық зал түгелімен қайта жасалынған. Жаңа экспонаттар қосылған. Ал динозаврларды қызықтап келетін балаларрға келешекте арнайы палеонтологиялық үйірме ашылмақ.
«18-мамыр «Мұражай күнінде» кішкентай достарымыздың салған динозавр, мамонттар, т.б суреттерін көрме қылып жасау ойымызда бар» — дейді 1974 жылдан бері мұражай меңгерушісі болып қызмет атқаратын Тілеубердина Пируза Абылайқызы.
Сондай-ақ Пируза апай бұл мұражайдың өзіндік бай тарихы бар дейді:
«Кейде келушілер арасында үлкен апа-аталар келіп, «бала кезімде бұл жерге әкеммен келгенмін» деп жатады. Ал қазір өзі баласын немесе немересін әкеліп тұр. Мұражай келушілерінің үшінші ұрпағымен әңгімелескен де өте қызықты.
Қазірде бізде көне жануарлардың 7 қаңқасы бар. Оның алтауы оригинал болса, жетіншісі динозавр сүйегінің көшірмесі. Оны біз алдыңғы жылы Мәскеулік палеонтологиялық мұражайдан сатып алғанбыз».
Палеозавр бас сүйегінің алдыңғы бөлігі
«Меніңше, бұл мұражайдың басты ерекшелігі — мұндағы экспонаттардың барлығы Қазақстан территориясынан табылғандығында. Кеңес үкіметі кезінде бізге Ленинградтағы «Тау мұражайының» бір өкілі келген болатын. Сонда ол «осыншама түрлі табиғат көріністері бір ғана Қазақстан жерінен табылған ба?» деп таңырқап кеткен. Өйткені расында да бүкіл әлем қазбаларды көрсетуге құштар, мысалы АҚШ-та ол қазбалар әлемнің түкпір-түкпірінен жинақталуы мүмкін. Ал бізде бұл байлықтың бәрі өз елімізде кездеседі. Қазақстан флорасы мен фаунасының әр түрлілігінің, байлығының дәлелі — осы мұражай.
Жер қатпарын сілемдеп аша түскен сайын мұндай байлықтың әлі талайын табуға болады. Ежелгі дәуірдегі аңдар мен өсімдіктердің түрі қазіргіден әлдеқайда өзгеше. Соның барлығын әлі де зерттеу керек» — деп Пируза апай әңгімесін аяқтады.
Киргиляхтық мамонт
1948 жылы ұйымдастырылған ең алғашқы экспедициядан табылған Хилотерия мүйізтұмсығының қаңқасы.
Алып мүйізтұмсықтың тоқпан жілігі
Тасбақа сауыттарының шоғырлануы
Бронтотерий сүйектері, табылған орны Іле ойпаты, Ақтау
Энтелодон. Ертеде тіршілік еткен шошқа тәрізділердің бір түрі.
Ет тұмсықтылар
Келушілердің назарына бірден ілігетін мұражайдың басты құндылығы — жыртқыш тираннозавр.
Жалпы мұражайларға кіру құны:
Балалар мен ҰОС ардагерлеріне тегін
Оқушылар — 50тг
Студенттер —70тг
Үлкендер — 100тг
Мұражайдың сайты http://gylymordasy.kz/
Мәтін: Айжан Кәрібаева kerbez_
Фото: Айнұр Ракишева rakisheva
Республикалық кітап мұражайына фото шолу
Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу
Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу
С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу
Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу
Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу
«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу