Сәлем! Қалың қысқа қарамастан, бүгін назарларыңызға жеңіл киімдерді ұсынғым келеді. Бұл түрлі түсті белдемшелер мен көйлекті Сима есімді әшекей қызға күзде болған сән мерекелерге арнап тіккенбіз.
Қысқаша Сима туралы айтып кетсем, ол сұлу және өте стильды қыз. Киімдерінің үлгісін өзі тауып келеді, сосын Әлия толықытырып, тігіп береді. Бізге досынан естіп келген. Тез арада белдемше тігу керек еді. Кейін Симамен жақынырақ танысып, оны фэшн және бьюти әлемінде жұмыс жасайтынын білдік.