Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Новости. Жастардың ашық пікірі немесе көз бояушылық

$
0
0

16 қараша күні елордамыз - Астана төріңде үлкен іс-шара өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастардың "Жас Отан" ЖҚ бастарын қосу арқылы, болашаққа көзқарастарын біліп, ортаға ойлары тасталды. Ресми ақпарат көздерінің жариялануы http://www.khabar.kz/kaz/world/Bugin_Zhas_Otan_ZhK_II_syezi_otti.html Бұл жиналысқа елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтан басқа, саяси қазағымыздың нағыз май-қаймақтары, қоғам қайраткерлері және жалпы жастардың келешегіне бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Сөйлеген жастар, жылтырлағанның барлығын алтындай елестеп, өмірде болып жатқан өзгерістерге жалған көзқараспен қарайтыны сияқты сыртынан қоғамға солай елестетілді.

Қазіргі таңда, жастарды қолдау шаралары біршама көбейді. Әйткенмен, саны өсіп, сапаның жоғарылмауы өкінішті жағдай. Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша  мемлекеттік бағдарламалар құрылғанымен, оны аяғына дейін жеткізу, іске асыру барысында жетілдіру және ең бастысы асырылуын қадағалап нәтижесін көру әлі де болса көз шұқып көрсететіндей бірден бір бағдарлама өз жемісін көрсеткен жоқ. Мәселен, "Дипломмен ауылға" - бастамасы игі, өте керемет бағдарлама. Бірақ, ауылға барам деушілердің көбісі тек сол ауылдан шықкандар немесе өте кішкентай пайызды көрсететін еліміздің патриоттары, ауылды көтерем деушілер. Өзінің еркімен барам деушілердің әлі де болса саны аз болғаны жайлы шартты түрде шетке қойсақ, одан басқа өзекті мәселелер жетерлік. "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі", "Айнабұлақ" инфрақұрылымды дамыту бойынша сияқты іс-әрекеттерді еліміз іске асырса да, оның нәтижесі не болды?! Сапасы қандай?! Толықтай іске асты ма?! . . .Хабар немесе сол сияқты мемлекеттік телеарналардан әдемі, бетке ұстар, үлгілі, қалаға жақын бір-екі ауылды көрсетуден басқа ештеңе бұқара  халық көрген емес. Егер сол шалғай жерде, одан бұрын кейбір аудандарда тіпті қалаға жақын ауылдардың тұрғындарынан: "Соңғы 20 жылда өмірлеріңізде қандай өзгерістер орын алды, ауыл жанданып, жаңа тыңыс алып, алға итермелеу күш алды ма?!" - Жоқ, әрине. Тек бағы жанған, не қазіргі замаңның мақалына сай келген "Таңысы бардың шансысы бар"-дегендер ғана ауылдың тұрмыстық жағдайы жақсарылды. Еліміз сонау уақыттан бері, ата-тегіміз көшпелі халық болуына байланысты, ауылдар бізде өте жетерлік, сәйкесінше сонда тұратын халық та көп. Бірақ қозғап тұрған ойым олардың өмірлерінің жағдайы толыққанды немесе қанағаттарлық жағдайға дейін өзгермей, жақсармай, біз аламызда ол жерге жас маман иелерін әкелі тығып жүрміз. Сәкесінше, шалғай жерге келген жас маман басқа жерде үйреншікті болып тұрған нәрселерден алыстатылып, негізгі осы жерде енді қалай өмір сүрем деген ойы -  мамандырығлан білімін, алға қойған мақсатарын басып, біліктілігін төмеңдетеді. Сонда, дамыту, жетілдіру бойынша іске асырылған, бірақ оң нәтиже бермеген сол баяғы мемлекеттік бағдарламаға жауапты тұлғалар қайда қалды?! Неге жауаптылар жазасын алған жоқ?! Ең бастысы, біздің кемшілігіміз нақты нәтижелі бастаған ісімізді аяқтамаймыз да, келесіге көшеміз . . .

Жалпы бұл съезд тек барлығын мақтаушыларға арналған болатын.  Неге осындай жиындарда әлі де болса, жастарымыз бар мәселелерін ашық айта алмай жүр. Біз өз мәселелерімізді шешу үшін осындай тетіктерді керек кезінде пайдалана алмасақ, онда сол күйде жүре бермек ойымыз бар сияқты . . . Сонда даму, алға қарай жетелеу қайда қалды?! Намысымыз қайда жастар?! Жасырын емес, жастарға үлкен қиындықтар туғызып, еркін өмір сүріп тұруға кедергі болып тұрған  мәселелер жетерлік. Соны осындай жерлерде ашық айтуға құлшынып, қорықпай өз қолымызбен шешуге де ат салысайық. Басымызды көтеріп, тізеден нық аяққа тұратын кез келді!!! Жарқын болашағымызға сеніп, бар күш жігерімізді салайық Қазақстан жастары!!!

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>