Британдық The Open University компаниясының ұжымы 2011 жылы 60 Second Adventures in Thought деп аталатын шағын анимациялық роликтер арқылы идеялар әлемінен қысқаша шолу көрсететін топтама жасап шығарады. Ахиллестің бастан кешкендері мен тасбақа немесе Шредингер мысығының дауыстарын салған британдық комик Дэвид Митчеллдің тобы бұл мультипликациялық топтама арқылы экономиканың негізгі алты теориясын халыққа жеткізуді ойластырады. Сөйтіп, дүниеге 60 Second Adventures in Economics сиквел-жобасы келеді. Қарқынды дами түсетін роликтерде Адам Смит, әмбебап тауардың метафорасы ретінде тоқаш және жынданған шаңсорғыш көрініс табады.
Нарықтың көрінбейтін қолы
Экономика — бақылауға көне қоймайтын нәрсе. Мысалы, сен 1 фунттық бөлке сатып алайын деп жатқанда, оған қарама-қарсы наубайханада дәл сол бөлкені 50 центке сататындығын көрдің дейік. Сонда не істейсің? Әрине, екінші наубайханаға барасың. Бұл тұрақсыздықты тұтынушыларды нарықтың көрінбейтін қолы тартып тұр дегенмен түсіндіруге болады. Бірақ бәрі сіз ойлағандай оңай емес: бәсекелестіктің рухы бірінші наубайханаға да өзінің бағасын түсіруге итермелейді. Сол кезде таңдау жасау одан да қиынға түседі. Бірақ, бақытымызға орай, наубайханалардың бірі бөлкеге қосымша тағы нан беретіндігін жариялағанда шешілместей көрінген проблеманың түйіні шешіледі. 1776 жылы экономика теориясы аталарының бірі Адам Смиттің ойлап тауып «Нарықтың көрінбейтін қолы» деп атаған бәскелесетіктің мінсіз схемасы дәл осылай жұмыс жасайды.
Үнемдеушілік парадоксы
«Біз қаралы күнге деп ақша жинаған сайын, ол күн жақындай түседі», — деп роликтердің авторлары бөлке тақырыбын дамыта түседі. Келесі бір жағдай: наубайхананың бастығы өзінің өндірісін модернизациялау мақсатында бөлке дайындайтын робот сатып алып, қарамағындағы барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жібереді. Жұмыстан шығып қалған наубайшылар басқа фабрикаға барайын десе оның қашан ашалатындығын әлі белгісіз екен. Сол кезде дөрекі байкер кейіпінде Джон Мейнард Кейнс келіп: «Соңында барлық адамдар бәрібір өледі, сондықтан өкімет сарандық танытып, ақшаны жинағанша, елді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын жасап, қаржысын жаратсын — өйтпесе, қаралы күннен қашып құтыла алмайды!» — деп ескерту жасайды.
Филлипс қисығы
Бұл серияның кейіпкері — Жаңа Зеландиялық экономист Олбан Уильям Филлипс. Ол біраз тәжірибесі бар адам, тіпті кезінде қолтырауындарды да ұстаумен айналысқан. Филлипстың бақылауынша, егер де жұмыспен қамтамасыз ету төмен болса, жалақы жоғарылайды, сонымен қатар, өзіңізді артық балмұздақпен қуантып қоюыңызға да болады екен. Өйткені сұраныс көбейген сайын балмұздақ қымбаттайды және инфляция жоғарылайды. Ал егер барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберсе, балмұздақты сатып алатын адам болмайды, сәйкесінше инфляция да жоғарыламайды. 70-ші жылдары инфляция жоғарылап, жұмыссыздық та көбейген сәтте Филлипстің теориясы дұрыс емес деп, өкімет наразылығын танытады. Сөйтіп бейшара оқымысты да, оның қисығы да, қолтырауыны да жұмыссыз қалады. Бірақ соңында жаңа зеландиялықтың гепотизасы дұрыс болып шығады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Абсурд мультипликациясы — үстіне редингот пен ала панталон киіп алған ХІХ ғасырдың экономисі Давид Рикардо, ұзын аяғы бар экономикалық топ-модель және аңқау қызметкер әр түрлі елдердің экономикасы қалайша бір-бірінің рахаты үшін өмір сүреді дегенді анықтағылары келеді.
Мүмкін емес үштік
Елдер өзара сауда-саттықпен айналысқанды ұнатқанымен, бір уақытта тіркелген ақша бағамы, капиталдардың еркін қозғалысы мен тәуелсіз ақша саясатын орната алмайды. Мультфильмдер топтамасындағы ең алаңдауға тұрарлық бұл сюжетте капиталдың бақылаусыз шығынға ұшырауы сипатталады: жынданған шаңсорғыш барлық ақшаны тоқтаусыз жалмап жатыр және оны тоқтату мүмкін емес.
Тиімді таңдау социологиясы
Экономиканың ең үлкен проблемасы — адамдар. Олар қашанда сен күткен нәрсені істемейді. Тез байбалам туғызғыш және көбіне факттерге мән бере бермейді. Бұл роликте банк алдындағы плакатта «Несие пайызы төмендемейді» деген жазуды дұрыс оқымай қалған адамның іс-әрекеті көрсетіледі. Оның айтқанын естіп, топтық сезімге беріліп кеткен адамдар қуанып, сол қаржы мекемесіне ипотека алуға жүгіреді. Сөйтіп сол топпен бір үйге қоныстанады. Бірақ дағдарыс келгенде адамдар қоныстанған үй кішірее-кішірее лашыққа айналып, соныңда күл-талқаны шығып, адамдар түксіз қалады.
Theoryandpractice.ru материалы бойынша
аударған Айнұр Ракишева