Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға "көн шалбары көтіне қатқан" бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.
↧