Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Состоится конкурс, посвященный 90-летию писателя А.Нуршаихова

$
0
0

Кафедра языковой и общеобразовательной подготовки иностранцев факультета довузовского образования КазНУ совместно с кафедрой казахской филологии факультета филологии, литературоведения и мировых языков к 90-летию народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии им. Абая и Всесоюзной премии им. А. Фадеева, обладателя орденов «Знак почета» 2 степени, «Дружбы народов», ордена «Славы» 3 степени, медали «За доблестный труд» Азильхана Нуршаихова проводит конкурс на лучшее произведение о его творчестве.

Конкурс состоится 26 ноября 2012 года с 11:10 до 12:25 ч. на факультете филологии, литературоведения и мировых языков (312 ауд.) в следующих номинациях:

  • 1. Лучшее эссе о жизни и творчестве А. Нуршаихова.
  • 2. Литературная критика творчества А. Нуршаихова.

Для участия в конкурсе студенты должны зарегистрироваться на кафедре казахской филологии.

Победителю конкурса будет выдана денежная премия от имени семьи писателя, также эссе призеров будут опубликованы в СМИ.


15 декабря 2012 года ветерану Великой Отечественной войны,  лауреату Государственной премии им. Абая, лауреату Международной премии им. А.А. Фадеева народному писателю Казахстана Азильхану Нуршаихову – 90 лет. Полтора года он не дожил до этой знаменательной даты.  Его не стало 12 февраля 2011 года. Линию своей жизни он определил словами: Артиллерист. Студент. Журналист. Писатель.

Азильхан Нуршаихов родился 15 декабря 1922 года в Жарминском районе Семипалатинской области. Его отец, Нуршаих Амангельдин, погиб в 1943 году во время  Великой Отечественной войны. Мать – Мухтар Амангельдина умерла после войны.
В 14 лет А. Нуршаихов уехал в Семипалатинск на учебу в педагогический техникум.

Артиллерист. После техникума Азильхан Нуршаихов ушел на фронт. Он прошел всю войну командиром орудия. Служил в 100-й Казахской стрелковой бригаде, воевал на Калининском, 2-м Прибалтийском, 1-м и 2-м Белорусском фронтах. Войну закончил старшим сержантом. Известна его переписка во время войны с казахским поэтом Джамбулом, которую он отразил в книге «Письмо Джамбулу».

Студент. После войны Азильхан Нуршаихов поступил на филологический факультет Казахского государственного университета им. С.М. Кирова. Одним из его преподавателей был известный казахский писатель М.О. Ауезов. Книгу М. Ауезова «Путь Абая» А. Нуршаихов привез в подарок своему учителю прямо из окопов. Взяв в руки потрепанную с подпаленными страницами книгу, великий автор восхищенно прошептал: «Порохом пахнет».

Журналист. Сразу после окончания университета Азильхан Нуршаихов работал сотрудником газеты «Социалистік Қазақстан». С 1953 года был главным редактором Павлодарской областной газеты «Қызыл Ту». С 1956 по 1961 годы он – собственный корреспондент, а затем с 1961 по 1963 годы – заместитель редактора газеты «Социалистік Қазақстан». С 1963 по 1965 годы – главный редактор газеты «Қазақ әдебиеті». А. Нуршаихов  автор более 500 публицистических статей на разные темы, хотя работать ему пришлось с 1968 по 1978 годы и в Казахской Советской энциклопедии и в Институте литературы и искусства им. М. Ауэзова.

Писатель. Азильхан Нуршаихов – автор сборников очерков, рассказов, повестей и романов, в том числе «Годы радости и любви» на казахском, русском, украинском, чешском  языках, «Истина и легенда» на казахском и русском языках, «Я и мои современники», «Песнь вечной любви», «Узоры жизни» (в 3-х томах) и др. Им при жизни было опубликовано более 40 книг.

Азильхан Нуршаихов был членом правления Союза писателей Казахстана. Он был награжден орденами: Славы III степени (1944), «Знак Почета» (1956), Отечественной войны II степени (1985), «Дружбы народов» (1984), «Парасат» (2005), «Отан» (2010) и медалями: «За отвагу» (1943), «За боевые заслуги» (1944), «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг.» (1945), «За освобождение Варшавы» (1945).

Семья. Супруга Азильхана Нуршаихова – Узбаканова Халима Хальякбаровна (1922–2001), была преподавателем, литературным соратником. Ей он посвятил книгу «Песнь вечной любви: Халима». Дочери: Нуршаихова Жанар Азильхановна – доктор филологических наук, профессор, зав.кафедрой КазНУ им. аль-Фараби; Нуршаихова Жаннат Азильхановна – зам. Генерального директора нефтяной компании; сыновья: Арнур Азильханович – технический директор, главный энергетик банка «Центркредит», Жаннур Азильханович – директор производственной фирмы. Пять внуков: Сабина, Дина, Алма, Сакен, Алия. Шесть правнуков: Халима, Ясмина, Алихан, Дана, Касым, Ораз.


Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай байқау жарияланды

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Байқау жеңімпаздарына жазушының отбасы атынан екі номинация бойынша ақшалай сыйлық беріледі.

Номинациялар:

  • 1. Ә. Нұршайықов туралы көркем эссе
  • 2. Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі туралы әдеби сын

Жүлде алған шығармалар газетке жарияланады.

Ниет білдірушілер 2012 жылы 26 қарашада сағат 11:10-12:25 аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 312-дәрісханада шығарма жазады.

Байқауға қатысу үшін студенттер филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасына келіп тіркелу қажет.

Байқауға қаламгердің еңбектерін сүйіп оқитын барлық студенттер қатыса алады.



2012 жылы 15 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А.А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толады. Көрнекті жазушы осы мерейтойына бір жарым жыл қалғанда 2011 жылы 12 ақпанда  дүниеден өтті. Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолының 4 түрлі қырын  анықтап айтуға болады. Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келді. Әкесі Амангельдин Нұршайық 1943 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Шешесі Амангельдина Мұхтар соғыстан кейін қайтыс болған. Ә. Нұршайықов 14 жасында Семей қаласына педагогикалық техникумға оқуға кетеді.

 

Артиллерист. Әзілхан Нұршайықов техникумды бітірген соң соғысқа аттанады. Соғыста 100-ші қазақ атқыштар бригадасында зеңбірекшілер командирі болып әскери міндетін өтейді. Калинин, 2-ші Балтық, 1-ші және 2-ші Белорусь майдандарына қатысып, соғысты аға сержант болып аяқтады. Соғыс жылдарында жауынгерлердің рухын көтерген ақын Жамбылмен хат жазысып тұрды. Бұл кейіннен майдангер жазушының «Жамбылға хат» шығармасында баяндалды.

 

Студент. Соғыстан кейін Әзілхан Нұршайықов С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оның ұстаздарының бірі белгілі қазақ жазушысы М.О. Әуезов болды.
Ә. Нұршайықов майданнан, окоптың өзінен алып келген «Абай жолы» кітабын

авторға сыйлық ретінде ұсынады. Ұлы жазушы М. Әуезов парақтары жырым-жырым болып күйіп қалған  кітабын қолына алып, үлкен толқыныспен: «кітаптан оқтың иісі шығып тұр» - деген екен.

Журналист. Университетті аяқтаған соң Ә. Нұршайықов «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болып жұмыс істейді.  1953 жылдан бастап  Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінің бас редакторы, 1956 жылдан 1961 жылға дейін осы газеттің меншікті тілшісі, 1961-1963 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторының орынбасары, 1963-1965 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады. 1968-1978 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясында және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жұмыс істеп жүрген жылдары жазушы қаламынан түрлі тақырыпта 500-ге тарта публицистикалық мақалалар дүниеге келді.

 

Жазушы. Ә. Нұршайықов очерк, әңгіме, повесть жинақтарының және романдардың авторы. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ, орыс, украин, чех тілінде, «Ақиқат пен аңыз» қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Сондай-ақ «Мен және менің замандастарым», «Мәңгілік махаббат жыры», «Өмір өрнектері» (3 томдық) және т.б. еңбектері белгілі. Көзінің тірісінде 40-тан аса кітабын басып шығарды.

Ә. Нұршайықов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының  мүшесі, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ", «Халықтар достығы», «Парасат», «Отан» ордендері мен "Ерен еңбегі үшін", «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Батырлығы үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарының иегері.

Отбасы. Ә. Нұршайықовтың жұбайы – Өзбақанова Халима Қалиақбарқызы (1922-2001), оқытушы және жазушының әдеби серігі болған. Өмірлік серігіне арнап жазушы «Мәңгілік махаббат жыры: Халима» кітабын жазды. Қыздары: Нұршайықова Жанар Әзілханқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі; Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы – мұнай компаниясының бас директорының орынбасары; ұлдары: Арнұр Әзілханұлы – «Центркредит» банкінің бас энергетигі, техникалык директоры; Жаннұр Әзілханұлы – өндірістік фирма директоры. Әзілхан Нұршайықовтың бес немересі: Сабина, Дина, Алма, Сакен, Әли, алты шөбересі: Халима, Ясмина, Дана, Қасым, Ораз аталарының ұлағат- өсиетімен өсіп келеді.



Viewing all articles
Browse latest Browse all 16878

Trending Articles